Жаңалықтар

Энергетика – экономика тірегі

Жылу, электрмен жабдықтау

Экономикалық өсудің қазіргі заманғы ырғағымен жыл сайын энергия ресурстарына қажеттіліктер мен сұраныстар артып келеді. Бұл басымдық, әрине, болжамды және өнеркәсіптегі басты міндет – жылу және электр энергиясын өндіруде энергетикалық қондырғылардың қажетті қуатын қамтамасыз ету. Осы бағытта тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Энергетикалық кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары аясында жылу және электр энергиясын өндіруді ұлғайтудың перспективалық схемаларын қайта құру, қолданыстағыларды техникалық қайта жарақтандыру және келешекке арналған жаңа жабдықты іске қосу бойынша іс-шараларды өткізу арқылы бекітіледі. Яғни, 2017 жылы «Қазақмыс Энерджи» ЖШС станцияларында инвестициялық бағдарламалар аясында қазандықтар мен турбиналарды орнату бойынша жұмыстар басталды. Атап айтқанда, Топар ГРЭС және Балқаш ЖЭС-2 жаңа қазандық орнатылуда, (аяқтау уақыты 2018 жыл). Сондай-ақ, Топар ГРЭС (ТА №3) және Жезқазған ЖЭО (ТА №8) 2 турбинаға ауыстыру жүргізілуде, бұл электр энергиясын 130 МВт-тан (МВт) өндіруді қамтамасыз етеді (аяқтау уақыты 2018 жыл).

2017-2018 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламалар мен күрделі жөндеу бағдарламалары шеңберінде электр желілік компаниялар – «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Жезказганская РЭК» АҚ, «Карагандинская РЭК» АҚ электр құрылғыларын салу, қайта құру, жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыруды жоспарлауда 329,9 шақырым электр желілерін және 94 қосалқы станцияларды жаңғыртуға 8,1 млрд. теңге көлемінде инвестиция бөлу жоспарланып отыр. ( 2017 жылы 7,6 млрд.теңге). Бұл шаралар аймақтың үздіксіз және тұрақты энергиямен қамтамасыз етілуіне бағытталған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасы» аясында Қарағанды қаласының Пришахтинск бөлігінің М-8 жылу магистралін қайта құру аяқталды. Жобаны іске асыру Пришахтинск тұрғындарына 31 мыңнан астам адамды сапалы жылумен жабдықтау және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыс бюджетінің қаражаты есебінен Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі 5 жалгерлік үйге қуаты 200 кВ модульдік қазандық және Ақтас кентіндегі 20 үй мен ӘМТ нысандарына жылу желілері салынған. Осының есебінен халықты жылумен жабдықтау сапасы жақсарды. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында Сәтбаев қаласының №8 шағын ауданындағы тұрғын үйлерге арналған негізгі жылу желілерін салудың 2-кезеңі аяқталады. 2017-2018 жылдардағы жылу маусымына дайындық мақсатында барлық көздерден 51,6 млрд. теңге бөлінді, бұл 2016-2017 жылдармен салыстырғанда 7,5 млрд. теңгеге көп. Кестеге сәйкес облыс бойынша жөндеу жұмыстары 100% аяқталды.

2017-2018 жылдардағы жылу маусымына 6 761 тұрғын үй және 1 197 әлеуметтік-мәдени нысан (оның ішінде, 767 білім беру нысаны, 136 денсаулық сақтау нысаны, 239 мәдениет мекемесі және 55 спорттық нысан) 100% дайындалды. Бұдан басқа, 94,6 шақырым жылу, 231,3 шақырым су және кәріз желілері, 4249,1 шақырым электр беру желілері мен 678 бірлік қосалқы станцияларына жөндеу жұмыстары жүргізілді, жоспарда 100%.

2017 жылы барлық көздерден 12 млрд. теңге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шараларына бөлінді, оның ішінде, бюджетке 2 млрд. теңге, энергетика саласында – 6,3 млрд теңге, өнеркәсіп салаларында – 3,3 млрд.теңге. 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамытудың Стратегиялық жоспарына сәйкес 2020 жылға энергияның жалпы тұтынуында баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі 3% -дан астамға жеткізу стратегиялық мақсат болып табылады. Бүгінгі таңда жаңартылған энергия көздерінен электр энергиясын өндіру саласы жылына 4,5 млн. КВт/сағ. астамды (0,03%) құрайды. 2020 жылға қарай күн және жел энергиясы үшін 6 жаңа станцияны пайдалануға беру жоспарлануда. Жобалар 160 млрд. теңгеден астам сомаға жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Құрылыстың аяқталуы бойынша нысандардың жалпы электр қуаты 261 МВт құрайды.

«Нұрлы жол»

бағдарламасының барысы

Қарағанды облысында 2015-2017 жылдардағы кезеңде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелендіру тетігін іске асыру басталғаннан бері 10,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде, 2017 жылы осының аясында 5,7 млрд. теңге бөлініп, 3 жоба жүзеге асырылды.

Бамовская насостық станциясынан (№7 павильон) ТК-14 дейінгі 2,082 шақырым жылу желісі қайта құрылды. Қарағанды қаласында ТК-27 ОШ-тан ТК-32 ОШ дейінгі 0,9 шақырым ұзындықтағы жылу желісі 1,060 млрд.теңгеге қайта құрылды. Осы жұмыстарды аяқтау Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс ауданы мен Абай қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтауды жақсартуға, атап айтқанда, жылу маусымының апатсыз өтуіне мүмкіндік берді.

«Қарағанды қаласы №10 өзіндік ағатын кәріздік коллектор, КСС-7 ден Аэрация станциясына дейінгі напорлы коллектордың кәріздік сорғы станциясын (КСС) 7 қайта құру» – 2017 жылға 4,1 млрд.теңге қаралды. Қайта құрылатын желінің жалпы ұзындығы – 17,958 шм. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес 01.01.2017 жылдан бастап жүріп жатыр. Бүгінде 3,3 млрд.теңге немесе 83% игерілді. Нысанды аяқтау мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы.

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру Қарағанды облысының 300 мыңнан астам тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етеді және инженерлік желілердегі тозуды орташа есеппен 63%-ға дейін азайтады. (2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 53% болуы тиіс). Биылғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қарағанды және Жезқазған қалаларында 5 жылумен жабдықтау жобалары жалпы құны 6,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылатын болады, бұл тұрғындардың 5 079 тұрғын үйін, 272 әлеуметтік және мәдени нысандарын жылумен қамтамасыз ету сапасын арттырады.

Сумен жабдықтау

2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында сумен жабдықтау және су бұру саласында 17 жобаны жүзеге асыру үшін барлық көздерден 3,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде ауылдық сумен жабдықтау бойынша 8 жоба 1,6 млрд. млрд. теңгеге және қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бойынша 2,1 млрд. теңге сомасына 9 жоба. 2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық жобалар бойынша даму 3,3 млрд. теңгені құрады. 172,16 шм сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және қайта құрылды.

Бүгінгі күні орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 231 АЕМ немесе 55% құрады, қалаларда бұл көрсеткіш 85,6% құрады, бұл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» 2017 жылға жоспарланған көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Халықты кепілдендірілген сападағы ауыз сумен қамтамасыз ету және 2018 жылы барлық көздерден қажетті көлемде қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру мақсатында сумен жабдықтау және су бұру саласында 15 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд. теңге қолдау тапты, оның ішінде қалалық сумен қамтамасыз ету және су бұру желілері бойынша 9 жоба қолдауға ие болды, сомасы 4,2 млрд. теңге және ауылдық сумен жабдықтау және су бұру бойынша 6 жоба 1,3 млрд.теңгеге. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 232 АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету жоспарлануда немесе 55,3%, қалаларда көрсеткіш 86% құрайды.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында ауылдық елді мекендерде және кен орындарында жер асты суларының резервтерін бекіту және қайта растау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 599,3 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 45 ауылдық елді мекенінде және 2 кен орнында геологиялық барлау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 44 ауылда және 2 кен орнында жұмыс басталды, олар бойынша есептер 2018 жылдың желтоқсанында қабылданады. Бұдан басқа, аймақтағы 45 ауылға жер асты суларының ресурстарын іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жұмыс 2018 жылдың наурызына жоспарланған.

Қарағанды облысының тұрғындарын қолжетімді бағада сумен жабдықтау сапасын қамтамасыз ету мақсатында субсидия «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау» бағдарламасы аясында 2013 жылдан бастап, қолжетімді бағада облыстың су берушілеріне субсидиялар бөлінуде. 2017 жылы облыстық бюджеттен ауыз судың құнын субсидиялауға 389,366 мың теңге бөлінді. Бұл қаражат Қарағанды облысының халық саны 536 539 адам болатын 32 елді мекендегі халықты қолайлы бағамен және 19 514 шм ауыз сумен қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 446 бұйрығымен облыстың 16 топтық және оқшау су құбыры қосылды, осыған байланысты ауыз суды беру бойынша қызмет құнын субсидиялауға республикалық бюджеттен 83 577 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, ол Балқаш, Саран, Приозерск қалаларында, Абай, Жаңаарқа және Нұра ауданындағы 127 403 тұрғынға қолжетімді бағада ауыз суды беру бойынша қызмет құнын қосымша төмендетуге мүмкіндік береді.

Газбен жабдықтау

Қарағанды облысының тұтынушыларын газбен жабдықтау тұрмыстық қажеттілік үшін ГТҚ, тұрмыстық баллондар және автокөліктік газтолтырғыш станциялары (АГЗС) арқылы 6 аккредиттелген газжелілік ұйымдармен жүзеге асырылады.

2017 жыл қорытындысы бойынша газжелілік ұйымдар 64 мың тонна газды іске асырған, ол 2016 жылмен салыстырғанда 4 мың тоннаға артық. Сонымен бірге, 2017 жылы газды орташа айлық іске асыру 5,2-5,5 мың тоннаны құрады және ұқсас жылда әлеуметтік газдың көлемі 70% артты, яғни, 4,1 тоннадан 3,0 мың тоннаға дейін. 2015 жылдан бастап газмоторлы отынды пайдаланушы автокөліктердің саны 167%, 1 875 автокөліктен 5012 автокөлікке дейін артты.

Тұрғын үй қоры

2018 жылғы 1 қаңтарда Қарағанды облысының тұрғын үй қорын 107 615 тұрғын үйлер құрайды (ауданы 27,4 млн. текше м.), оның ішінде: 8 195 көпқабатты тұрғын үйлер (ауданы 15,8 мың текше м.), олардың:

– 6 015 үй қанағаттанарлық жағдайда (11,6 млн. м2, 73,4%);

– 2 180 үй – жөндеуді қажет етеді (4,2 млн. м2, 26,6%).

Көп пәтерлі үйлерді басқарудың әртүрлі нысандары қамтылады, оның ішінде:

– 277 – ПИК,

 – 63 – ЖШС, (соның ішінде ЖК және сервистік басқарушы компания)

– 1773 – ТББ (тікелей бірлескен басқару).

Әділет органдарында 4 414 кондоминиум объектілері тіркелді, бұл тұрғын үйдің жалпы санының 53,8% құрайды. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша көппәтерлі үйлерді жөндеу бөлігінде тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (жылу модернизациясы). 2011 – 2017 жылдары 3500,0 млн. теңге сомаға 237 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді, оның ішінде қайтарылатын қаражатқа 68 КПТҮ жөнделді. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаражатты қайтару 1048,7 млн.теңгені құрады, жоспарда 1548,7 млн.теңге, немесе 67,7%.

2017 жылы қайтарылатын қаражат есебінен Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары мен Жаңаарқа ауданында 273,9 млн.теңге сомасына 21 КПТҮ жөндеу жүргізілді, ал 6 КПТҮ ауа райының суытуына байланысты жөндеу жұмыстары 2018 жылы жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, 2018 жылға 10 КПТҮ жөндеу жоспарлануда.

Абаттандыру

2017 жылы облыстың қалалары мен аудандарында 110 аула аумағын, 7 саябақты, 48 гүлзарды абаттандыруға 3,8 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде қалалар мен аудан бюджеттерінен 3100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 742,4 млн.теңге қарастырылды). 2017 жылы Қарағанды қаласының Орталық саябағын абаттандыру, Қарағанды қаласының үш көшесінде бой көтеретін электрлік жарықтандыру желілерін жаңғырту, Жастар саябағын қайта жаңарту және Жезқазған қаласындағы су құбырын жөндеу үшін облыстық бюджеттен 742,4 млн. теңге бөлінді. Қарағанды облысының елді мекендерінде профилактикалық дезинсекциялау және дератизациялау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 47,3 млн. теңге бөлінді (оның ішінде дератизацияға 28,8 млн теңге, дезинфекцияға 18,6 млн. теңге), 2,6 млн.текше метр аумақты дератизациялау, 482,9 гектар аумақта дезинсекция бойынша жұмыстар жүргізілді. 2018 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Қарағанды қаласының Орталық саябағын абаттандыру, Жастар саябағын қайта жаңарту және Жезқазған қаласындағы суармалы су таратқышты жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланған.

Қ.БЕГІМОВ,

Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button