Жаңалықтар

Елжан Біртанов медицина қызметкерлерімен кездесті

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, Ақсай мен Теректі аудандық ауруханаларын аралап көрді.

ФОТО: inform.kz

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы денсаулық саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлу туралы тапсырма бергенін айтты. Бұл алғашқы медициналық көмекке жұмсалатын шығын көлемін 60 процентке дейін азайтуға мүмкіндік береді.  Қазіргі кезде дәл осы салада маман тапшылығы байқалады. Мәселен, Ақсайдағы аудандық ауруханаға жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог, невропатолог, акушер гинеколог секілді 13 дәрігер жетіспейді. Ал, бұл аурухана Бөрлі ауданының 56 мыңдай тұрғынына қызмет көрсетеді.    

Кездесу барысында Елжан Біртанов қазіргі таңда дәрігерлердің жүктемесін азайту және сол арқылы медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытында жұмыстар істеліп жатқанын атап өтті.

– Ең алдымен, жас мамандарды шақырып, жұмысқа орналастыру керек және оларға әлеуметтік көмек көрсету қажет.  Екіншіден, біз соңғы жылда алғашқы медициналық көмекке өзгерістер енгізіп жатырмыз. Яғни, дәрігерлердің жүктемесін азайтамыз. Мысалы,  дәрігерлер норматив бойынша 1700 адам қабылдау керек болса, қазір 3 жарым мың адамды қарауда. Екі есек жүктеме. Егер оны азайтатын болсақ, қызметтің сапасы да артады, – деді  Денсаулық сақтау министрі.

Басқа материалдар

Back to top button