Бас тақырып

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді

Елімізде  көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді. Бұл туралы  Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Салық төлеушілердің әкімшілік және уақытша шығындарын азайту мақсатында салықты және әлеуметтік төлемдер төлеуді жеңілдету жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде көпқабатты үйлердің тұрғындары мүлік және жер салығын төлеуге мәжбүр. Бұл ретте салық сомасы аз, ал әкімшілік шығын едәуір. Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылуда. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталады.

Қазір салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап салықты келесі жылғы 1 сәуірге дейін төлеу жоспарланып отыр. Бұл автомобиль иелері үшін қолайлы.  Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – адал салық төлеушінің мүддесін қорғау», – делінген хабарламада.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button