Жаңалықтар

Елімізде қаңтар айында көкөніс бағасы өскен

2019 жылы қаңтар айында Қазақстанда көкөністердің және маусымдық емес жаңа піскен көкөністердің – қияр (бір айда+20,4%) және қызанақ (+17,3%) бағалары едәуір өсті. Сондай-ақ, қырыққабат (+4,8%), сарымсақ (+4,4%) және пияз (шамамен +3%) бағалары өскен. “Қысқы” ұзақ сақталатын көкөністер – картоп, сәбіз, үрме бұршақ бағасы бір айда шамамен 1%-ға қымбаттапты. Тек, қызылша бағасы арзандаған деп хабарлайды News.kz.

Жеміс-жидектер арасында банандар – бір айда 2,9%ға, ал, алма мен лимондар бағасы бір айда 1%-ға өсті. Мал өнімдері бір айда бағасы өзгерген жоқ. Құс фермасы өнімдерінің арасында ағымдағы жылдың ақпан айына баға 2%-ға өсті.

Сүт өнімдерінің бағасы шамамен бір айда 1%-ға  өссе, ет пен балықтан жасалған өнімдер арасында да осындай көрініс байқалады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша жарманың бағасы айына шамамен 2%ға, макарон өнімдерінің бағасы шамамен 1,5%-ға қымбаттаған. Нан-тоқаш өнімдері мен бұршақтар сегментінде тек жоғары сұрыпты бидай наны (бір айда+0,9%) бағада ғана қымбаттап, басқа өнімдердің бағасы одан да төмендеу бағаға құны артқан. Сондай-ақ, ұн бағасының өсуі шамамен 1%-ды құрады.

Бір айда бакалея өнімдерінен маргарин 1%-ға бағасы өсіп, ал, қант керісінше, 1%-ға арзандады. Сусындардың арасында бағаның айтарлықтай ауытқуы байқалмады: арақ айына 0,8%ды, ауыз суы тек 0,3% -ды құрады.

Басқа материалдар

Back to top button