Жаңалықтар

Еліміз үшін қажетті қадам

Ел Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміз үшін қажетті қадам. Бұл жаңғыруға, жаңаруға, еліміздің саясатына, жалпы өміріне өзінің септігін тигізеді. Болғалы отырған тарихи сәт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жол, сындарлы саясатын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.

Елбасы кезекті Жолдауларының бірінде: «Кез келген демократияның ашық және әділ сайлау болуы, оның негізгі діңгегі. Дәл осы рөлді олар біздің демократияда қолдану керек. Біздің мақсатымыз айқын болуы керек: яғни, алдыңғы болатын сайлаулар ашық және әділ жүргізілуі керек. Демократия әрқашан даму процесінде болуы қажет», – деп көрсеткен болатын. Сондықтан да тарихи сәт барысында әділеттіліктің салтанат құруы сайлаудың мерейін арттыратыны сөзсіз. Сайлаудағы басым шешімдердің көбі халықтікі. Сол себеп, белсенді түрде атсалысуымыз қажет. Әр азамат сайлауда дауыс беру арқылы мемлекеттік билікті қалыптастырады. Сондай-ақ, өзінің және өзінен кейінгі өскелең ұрпағынының мүддесіне шешім қабылдайтынын естен шығармағаны жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, «Жастар жылы» аясында жас қазақстандықтар, жас отандықтар келешігіне бей-жай қарамай, белсенді түрде дауыс береді деп есептеймін.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,

«Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button