Қарағанды

Елім деген азамат

       Еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – Есентай ӘШІМ.

Есентай Мұқатайұлы Қарағанды қаласындағы №6 орта аралас мектебіне 2000 жылы келіп, тарих пәнінен сабақ берді. Өзінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Оқу мен тәрбиені қатар бере жүріп, қазақ балаларының жан-жақты білім алуына жағдай жасады.

6 мектептің директоры болып тағайындалғанда, қазақ балаларының білім алуына елеулі еңбек сіңірді. Ізденімпаз басшы медициналық колледжбен байланыс жасай отырып, медициналық бағыттағы сынып ашты. Әр оқушының сарқылмас білімінің әрі қарай толығуына үлкен көмек көрсетті. Қазақ мектебі біздің ұрпақтың өсіп-өркендеуіне керек екендігін дәлелдей білді.

2004 жылы Есентай Мұқатайұлы Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатына басшы болып тағайындалды. Тынымсыз еңбегімен №2 мектеп-интернатын дарынды балаларға арналған мектепке айналдырды. 2007 жылдан бастап үш тілдік мектепте білім беретін білім ордасына айналдырып, қазіргі таңда республика көлемінде көп тілді білім беру бағдарламасы бойынша іс-тәжірибесін таратуда. Осындай істерді атқаруда Есентай Мұқатайұлының қажырлы еңбегін жақсы білеміз. Мектепте ІВ-бағдарламасы бойынша жұмыс істеудің негізгі жолын салды. Биылғы оқу жылында Теміртау қаласы білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Үлгілі отбасының арқасүйер азаматы. Жұбайы Қарлығаш – жеке кәсіпкер. Үйдің үлкені, Эльвира – Сулейман Демирель университетін ойдағыдай аяқтап, бүгінгі таңда аудармашы қызметін атқаруда. Айжан Түркия елінде білім алуда. Шахназ бен Ислам – мектептің озат оқушылары.

Жазира Қазыбекқызы,

Бибігүл Қадылқызы, Н.Нұрмақов атындағы ММИ мұғалімдері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button