Спорт

Еленада – қола жүлде

   18-30 шілде аралығында Түркия­ның Самсун қаласында ХХIII жазғы сурдлимпиада ойындарында 21 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Есту қабілеті нашар спортшыларға арналған байрақты бәсекеге Қазақстаннан 50 спортшы бағын сынады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, төртжылдықтың басты жарысына əлемнің 97 мемлекетінен келген есту қабілеті төмен 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Қазақстандықтар спорттың 9 түрі бойынша өнер көрсетті. Олардың қатарында еркін жəне грек-рим күресі, жеңіл атлетика, жүзу, таэквондо, каратэ, дзюдо, үстел теннисі жəне спорттық бағдарлау сияқты спорт түрлері бар.

Айтулы жарыста, қарағандылық каратэ шебері Елена Салмина қола медальді жеңіп алды. 61 келіге дейін салмақта өнер көрсететін спортшы 1/4 финалда Ресей спортшысына аздаған ұпай санымен есе жіберіп, кейін ІІІ орын үшін болған кездесуде Грекияның спортшысын жеңді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button