Жаңалықтар

Электронды төлем енгізіледі

Қарағандылық автобустарда төлем терминалдары орнатылады. Бұл жұмыстар 20 сәуірден бастап қолға алынады.

Электронды төлем жүйесін мамыр айынан бастап қолданысқа енгізу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қарағандыда жобаға жауапты «Smart-Card» компаниясының филиалы ашылды. Филиал мамандары төлем терминалдары орнатылатын автобустардың алты моделін тізімдеді. Енді пластикалық карталар жасалады.

Алдымен карталар жеңілдік қарастырылған зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге, оқушыларға таратылады. Аталған карталар бүгінде Астана, Алматы мен Атырау қалаларында қолданылуда.

Тағы бір айтып өтері, бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров «электронды төлем жүйесі енгізілген соң жолақы қымбаттамайды» деген еді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button