Бас тақырыпРуханият

Елдіктің нышаны – тарихтың тәбәрігі

1992 жыл. 4 маусым. Бұл – мемлекеттік рәміздеріміз алғаш бекітілген тарихи күн. Бүгінде араға 27 жыл уақыт салған кезеңде көпшілікке қол жетімді деректер – мемлекеттік рәміздер туралы толық мағлұмат беретін деңгейде. Мемлекет тәуелсіздігінің, мәртебесінің белгісі ретінде әлемнің саясат аренасында ойып орын алған рәміздеріміздің тарихы туралы қазір білмейтіндер кемдекем болуы тиіс.

Президент архивінен осыдан біраз бұрын алынған интернеттегі деректерде мемлекеттік рәміздерді өзгерту туралы ұсынысты ең алғаш көтерген ҚазССР депутаты академик Манаш Қозыбаевтың хаты туралы айтылады. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіздік алмай тұрғанннан бұрын 1990 жылы хат жазыпты академик. Сол хатында депутат Манаш Қозыбаев мемлекеттік рәміздерді жетілдіру қажеттігіне назар аударған. Оның ұрпақты тәрбиелеуде орасан зор рөлін атапты. Әсіресе, Әнұран мен Елтаңбаның өзгеруін кеңінен сөз қылған.

Елтаңбада ұлттық колориттің болуы, тарихпен үндесуі, оның әлеуметтік-экономикалық бейнесі көрініс табуы қажеттігі де осы хатта жазылыпты. Әнұранды конкурстық негізде таңдау да айтылыпты. Бұл бастаманы ол кезде Мырзатай Жолдасбеков те қолдаған екен. Сөйтіп, Жоғарғы кеңестің 12 шақырылымының 8 сессиясында әнұранның, елтаңба және тудың жаңа нұсқасымен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Дәл осы кезеңде мемлекеттік рәміздерге байқау да жарияланды дейді мәліметтер. 1992 жылдың жазында бұл байқау мәреге жетіп, озық үлгілер таңдалғаны мәлім.

Атап айтқанда, 453 эскиз бен 142 хат түріндегі ұсыныстың ішінен көк түсті туға таңдау жасалды. Ал, бұл жобаның авторы – Шәкен Ниязбеков еді.

Елтаңба бойынша 245 жұмыс пен 67 хат арасынан үздік танылған жоба Жандарбек Мәлібеков пен ШотаАман Уәлихановтікі болғаны және аян. Сол уақытта әнұранға қатысты 51 музыкалық нұсқа мен 132 мәтіндік безендіру келіп түскен екен. Бірақ, 1992 жылы ескі әнұран бекітілді. Алайда, 2006 жылдың 7 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды. Ол – «Менің Қазақстаным» еді. Алғаш рет бұл әнұран Елбасы ұлықталған 2007 жылдың 11 қаңтарында шырқалды. Сонымен, 1992 жылдың 6 маусымында жаңа мемелекеттік рәміздер ресми түрде таныстырылды. Әр рәмізде ұлттың тарихы, келешегі, арман-мүддесі көрініс тапқанын атап өтуге тиіспіз.

Дайындаған Қ.АЙТЖАНОВА. 

Басқа материалдар

Back to top button