Жаңалықтар

Елдің игілігі

    М.Әуезов атындағы №31 кітапхана-филиалында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арналған “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауы туралы кітап көрмесі жыл бойы ұйымдастырылады.

Елбасының “Қазақстанның үш­інші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, сонымен қатар білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздікке және сыбайлас-жемқорлықпен күреске қатысты жаһандық бәсекеге қабілетті елді құру үшін бес басымдықты ұсынды.

“Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сынқатерлер мен күрес жоспары емес, болашаққа, “Қазақстан-2050” стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол ұлт жоспары – “100 нақты қадам” базасында өткізіледі” дейді Н.Ә.Назарбаев жолдауда.

Кітапханамызда жолдауды насихаттау барысында жыл бойы “Елбасы жолдауы – ел игілігі” атты кітап көрмесі ұйымдастырылған болатын. Елбасының  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, жолдауда айтылған бес негізгі басым бағытты кеңінен насихаттап, оқырмандарға жеткіздік. Оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді орындауға ат салысатындарын жеткізіп, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

Елбасының әр Жолдауы – толғауы терең қайталанбас бір дүние.

 

Айжан Мерейханқызы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button