Елбасы Сарыағашта «зорланған» баланың ісінде айыптылардың жауапқа тартылмағанын айтты

Бала өмірін қорғау — бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының біріне айналды. Осыған дейін қазақстандық БАҚ-та Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектертердің бірінде оқитын 7 жастағы баланың зорланғаны туралы ақпарат кең таралған болатын. Қоғамдық резонанс туғызған мәселе ақыр соңында шешімін таппады.

Baq.kz Агенттігінің хабарлауынша,  «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасымыз бұл мәселеге назар аударып,  мемлекеттік қызметке лайықты азаматтар келуі керектігін мәлімдеген.

«Мемлекеттік қызметке лайықты азаматтар келуі керек, сондықтан қызметтік орынға лайықты азаматтар таңдалуы қажет. Оның басқаша жолы жоқ. Мен кеше мұны Қауіпсіздік кеңесінде де ашық айттым. Яғни Оңтүстік Қазақстандағы кішкентай ұлмен болған жағдайға байланысты. Оны жоғары сыныптың оқушылары зорлаған. Осы жағдай қоғамның назарын өзіне аудартты, бірақ осы оқиғаға кінәлілерді тауып, жауапқа тарта алмадық. Неге екенін білесіздер ме? Себебі, тиісті орындарда туған-туыстар отырған. Полицияда да сондай. Жоғары органда да туған-туыстар қызмет атқарған. Заң бойынша мұндай жағдай болмауы керек», — деді Елбасы.

Сонымен бірге  Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңыздылығына да тоқталған.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.