Басты тақырыпРуханият

Елбасы мақаласы – елдіктің нышаны

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – Елбасы Жолдауының рухани жалғасы. Тарихи құжат – Ұлт санасының жаңғыруын мақсат етеді.

Президент қос бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделерін қадап айтты.

«Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларының заңды жалғасы сияқты мақала – Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп қазығын айқындаған тұжырымдамалық бағдарлама.

Елімізге рухани жол көрсеткен құжат – нағыз ұлттық жаңғыру Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясы негізінде ғана басталғанының куәсі.

Рухани жаңғыру – уақыттың талабы!

Ол қуатты Қазақстан халқына мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері хақ.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетсе керек. Ұлт Көшбасшысы осы мақаладан тың бастама алатын туған ел, туған жерді көркейтуге бағытталған игілікті істерді қолға алуды ұсынды.

Әркімге ой салған мақала, әсіресе, жас буын өкілдеріне халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне жол ашады.

Негізі, жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным – өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ойларын бағу.

Біз – әлемнің алпауыт елдерімен терезе теңестірдік. Елдігіміз жарасып, айбарымыз шартарапқа танылған сәтте еліміздің өткенін, өшкенін жаңғырту – әр азаматтың қасиетті борышы. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осыған жол ашты.

Туған еліміздің шежірелі тарихын, алыптарды тудырған атырабымыздың құндылықтарын, ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу, насихаттау – отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір көзі.

«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отанды сүюдің іргетасы туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алса, игі! Сондықтан, Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының өзі кең ауқымға ие. Көп болып қолдауымыз қажет!

Біз, Мәңгілік Елдің мұратты мұрагерлерін тәрбиелеуші ұстаздар қауымы да, Қазақ елінің рухани жаңғыру жолында қажырлы еңбек етеміз. Арман асқақ, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болуға бірге қадам басамыз!

Елбасының сөзімен айтсақ, «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді».

Қарлығаш ДҮБІРБЕКОВА,

№15 мектеп-лицейінің

директоры.

Сурет ғаламтордан алынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button