Жаңалықтар

Елбасы көлігі – ел назарында

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Теміртаудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тариxи-мәдени орталығына қойылған жаңа эксклюзивті жәдігер көпшіліктің назарын бірден өзіне аудартты. Елбасының пайдалануына 2005 жылы берілген S классты «Мерседес» көлігі аталмыш орталықтың фойесінен орын тепті.

Бүгінде мұражайға келушілер Нұрсұлтан Назарбаевтың автокөлігін тамашалай алады. Аталмыш автокөліктің терезелеріне оқ өтпейтін әйнектер орнатылған және қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Көліктің салмағы – 5,5 тонна. Көлікті көруге келгендердің қарасы қалың. Әсіресе, келушілер ерекше қызығушылықпен экскурсия жүргізушілерден көліктің сипаттамасын егжей-тегжейлі сұрап білуде.

Шараға Президенттің серіктестері қатысты. Олар аталмыш экспозиция облыс тұрғындары мен жастар үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

– Жастарға Елбасының қызметтік көлігін, оның жеке заттарын тамашалау өте қызықты. Себебі, Президенттің өмірі өскелең ұрпақ үшін үлгі, – деді Президенттің серіктесі Ермек Төлеубаев

Айта кетейік, Тұңғыш Президент күніне орай, металлургтер шаһарының тарихи-өлкетану орталығына 16 жаңа жәдігер берілген болатын. Мұның қатарында Елбасының жеке заттары, сондай-ақ басқа мемлекетНұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» тер басшылары, достары мен спортшылар табыс еткен сыйлықтар бар. Орталық қызметкерлерінің айтуынша мұражайға тарихи жәдігерлердің сақталуы, яғни, түпнұсқалардың болуы талайды таң қалдырған көрінеді. Жаңа жәдігерлердің әрқайсысы құнды. Мұның барлығы да түпнұсқа негізінде мұражайға көрік беріп тұр. Олардың арасында ерекше заттар бар. Мәселен, Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннің сыйлығы – 12 томнан құралған ресейлік ауыл шаруашылығы энциклопедиясының антикварлық басылымы. Бұл кітаптар – 1900-1905 жылдар аралығын қамтитын дүние. Осыншама уақыт өткеніне қарамастан, бұрынғы қалпы бұзылмаған. Энциклопедиялар арнайы былғары сауытта сақталған. Тағы бір ерекше жәдігер – Қазақстан Конституциясының сыйлық басылымы. Бұл басылымның мұқабасы қымбат тастармен безендіріліп, кітаптың өзі Елтаңба бейнесі бар ағаш футлярға салынған. Орталыққа келушілер енді Қазақстан Президентіне ҚХР төрағасы сыйлаған ерекше түрде жасалған түйе мүсінін тамашалай алады. Экспозицияда сонымен қатар, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сыйға тартқан «Куч-Биримдикте» қола кәдесыйы да бар. Жаңа экспонаттар арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың теннис ракеткасы мен Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың сыйлаған спорттық велосипедін де тамашалауға болады.

Елдің өткеніне қатысты небір жауһарлар жинақталар орын талапқа сай, тарихымызды түгендеуге қомақты үлес қосуда. Қазіргі уақытта тарихи-мәдени орталықтың қорында барлығы 3 мыңнан астам жәдігер бар.

Басқа материалдар

Back to top button