Басты тақырыпОблыс әкімі

Елбасы: “Батысқа ілесем деп ата-баба салтын ұмытуға болмайды”

Батысқа ілесем деп ата-бабадан қалған салтты ұмытуға болмайды. Бұл туралы бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру ең негізгі міндет. Себебі оның барлығы – болашақтарың. Әсіресе үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дамытудың маңызы зор. Біздің ата-бабамыздан қалған салтымыз бар.  Кішілер үлкенді сыйлайды, ерлер әйелді сыйлайды. Батысқа ілесеміз, демократ боламыз деп мұның барлығын ұмытуымызға  болмайды», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қарттар үйінде қазақтың ата-әжелерінің отырғанына қабырғасы қайысатындығын баса айтты.

«Қазақта мұндай бәле болған жоқ. Әкесін, қартайған шешесін үйінде ұстайтын. Кіші баласын отау иесі деп  айтқан. Қазақта баласын жетімдер үйіне беру болған жоқ. Мұндай жетімдер үйі Қазақстанда болмауы керек. Жетім балар үйіндегі балаларды асырап алу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button