Жаңалықтар

Елбасы бастамасы сенім берді

Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурыз күні Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамаларын кітапхана қызметкерлері үлкен үмітпен, сеніммен, зор ықыласпен тыңдады. Елбасы алдағы уақытта экономика, білім, техника, қаржы, экология бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылатынын атап көрсетті.
Елбасы әрбір қазақстандықтың баспаналы болуына мүмкіндік ашып берді. Ипотека беру «7-20-25» баспаналық бағдарламасы бойынша жүзеге асыруға тапсырма беруі баспанаға қолы жетпей жүрген қазақстандықтарға үміт берді. Әсіресе, еліміздің жастарының жүрегіне осы шешім үлкен қуаныш пен сенім ұялатты.
Ал, жалақысы төмен қызметкерлердің салық мөлшерін 10%-дан 1%-ға төмендеткені, әрине, азаматтарымызға зор көмек. Бұл жұмыс берушіге де оңтайлы болары сөзсіз.
Елбасының әрдайым білім сапасын арттыру, озық жүйені құру мәселесін назардан тыс қалдырмайтыны белгілі. Осы жолы да болашақ ұрпақ үшін гранттарды көбейтіп қана қоймай, әрбір студент үшін қолайлы жағдай жасауды көздегені – жастардың өз қалаулары бойынша білім алып, еліміздің ертеңі жарқын болуына ықпал ететіні сөзсіз.
Халықтың бірлігін айта отыра, Мемлекет басшысы алға қадам басқан сайын жетістіктеріміздің әлі де көп болатынына сендірді!

Дана АМАНЖОЛОВА,
Н.Гоголь атындағы облыстық
ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button