Елбасы ауылдардың жағдайын жақсарту жөнінде айтты

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауылдарда жұмыс орындарын ашып, халықтың жағдайын жасау керектігін айтты.

 «Өздеріңіз білетіндей, мен »Ауыл – ел бесігі« жобасын әзірлеуді тапсырдым. Тәжірибе жүзінде бұл жоба әлеуметтік инфрақұрылым жасаумен ғана шектелді де, сонымен қалды… Бұл – маңызды мәселе, бірақ жобаның басты мақсаты – ауыл жастары үшін жұмыс орындарын ашу, оларды ауылдарда тұрақтату. Ауылда ертең кім жұмыс істейді? Үкімет осы мәселелермен айналысып, тиісті шараларды қолға алу керек. Қазір урбанизация жүріп жатыр. Қалаға көшті тоқтату мүмкін емес. Егер де ауылдарда нақты жұмыс орындары ашылатын болса, жағдай жасалса – қалып жатыр. Кейбір адамдар қаладан ауылға қайта көшуде», — деді Елбасы.