Бұқар жырау

Ел сенімі – Елбасы

   Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздік – еліміздің ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманының орындалуы. Еліміз Егемендік алғаннан бері, халқымызда үлкен серпіліс, қуат пайда болды. Аяғымызға нық тұрып, бірлігі жарасқан, берекелі, егеменді елге айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу жолында халқымызға бағыт-бағдар беріп, осы күнге дейін елеулі жетістіктерге жетелеп келе жатқан жалғыз адам – Елбасымыз. Осындай тарихи міндет ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВҚА бұйырды.

Соның арқасында біз болашағымызға сеніммен қарай алатын болдық. Себебі, қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі және мәртебесі бар. Мемлекетіміз әлемдік деңгейде қадамын нық басып, өзге елдердің бізбен санасарлықтай дәрежеге көтерілдік.

Біздің Елбасымыз қайтпас қайсарлықпен, мұқалмас жігермен жан-жақты сарабдал саясат жүргізе білгендігінің арқасында еліміздің іргесі одан әрі нығая түсті. Қазіргі Қазақстан – Егеменді, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет. Біздің Елбасымыз – дана адам. Біздің Ата Заңымыз – Тәуелсіздіктің негізгі нышандарының бірі. Көшбасшымыздың көреген саясатымен еліміздің мемлекеттік рәміздері жасалды. Ту, елтаңба және әнұран – Егемендікті, бостандықты, Тәуелсіздікті айғақтайды. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміздің жарқын бейнесі.

Мадина КЕМЕШЕВА.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button