Ел игілігіне — жаңа көлік

Ақтоғай аудандық ауруханасы заманауи үлгіде жабдықталған жаңа жедел жәрдем көліктерімен қамтамасыз етілді.

«УАЗ» маркалы бұл санитарлық көліктер енді ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсететін болады. Аудандық орталық аурухананың директоры Сәттар Әбдіғұлов аталған көліктердің жұмыс сапасын арттыруға үлкен септігі тиетінін атап өтті.

 – Бүгінгі күні елімізде ауыл тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Соның бір дәлелі – аудандық ауруханаға жедел жәрдем көліктері табысталды. Енді, өңір тұрғындары мен денсаулық саласы қызметкерлері желдей ескен жаңа медициналық көлікті пайдаланатын болады. Бұл арнайы техникалар ауылдағы ағайынның денсаулығын қырағы күзетуге қызмет етпек, – деді бас дәрігер.

Оның айтуынша, аталған техника облыстық бюджет арқылы 11 млн. 800 мың теңгеге сатылып алынған.

Думан ҚАБЫЛ