Жаңалықтар

Ел ертеңі – ерекше назарда

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың биік белестерді бағындыруына барын салып келе жатқаны белгілі. Соның бір дәлелі – Мемлекет басшысының биылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

 Жолдауды Ұлт көшбасшысы ел игілігіне бола атқарылған істердің есебінен бастап, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік жағдайына баса назар аударды. Бұл ретте, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мәселесі бойынша мәлімдеме жасағанын да айрықша айта кетуіміз керек. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қаржыландыру арқылы өнімділік сапасы мен санын арттыру, экспорттау мәселесі, ішкі туризмді дамыту, медицина, білім беру мамандарын дайындап, сапасын арттыру жолдары қаралды.

Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында орташа жалақыны 1,5 есеге жоғарылату мәселесін қарастырып, 2019 жылдан жоспарға енгізу көзделгенін хабарлады. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, халыққа шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға тиімді қаржыландыру жолдарын қарастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сапалы өндіріп, экспорттау және шет елдерден алынатын дайын өнімдер көлемін жыл сайын азайтуға тырысу қажеттігін айтып, 5 жылға жоспар құрып, нәтижеге жетуді тиісті шенеуніктерге тапсырды.

 Яғни, елдің ертеңі бұлдыр, тағдыры тұлдыр болмақ емес. Бұл ретте, берілген тапсырмалар қатарында білім саласына қатысты қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әрбір ұстаз аянбай еңбек етуі тиіс деп білеміз. Біздің ұжымымыз осы жолдауды талдап, талқылай келе, алға қойылған мақсаттардың орындалуына өз үлестерін қосатыны белгілі. Елбасы сенімін ақтап, Жолдау әркімнің жүрегінен орын табатынына сенімдіміз!

№2 орта мектеп ұжымы.

 ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button