Қарағанды

Ел ертеңі

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Сұрыптау бекетіндегі №12 орта мектеп кітапханасында мектеп оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» тақырыбында танымдық сайыс өтті.

Сайыста 7 «А» сынып оқушысы Аңсар Сабыржанұлы күмбірлетіп күй тартса, балғын өнерпаздар ән шырқады. Тәуелсіздікке жету жолындағы шежіреміз туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сайыста тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері өз тараптарынан сұрақтар мен тапсырмалар дайындап, оқушылардың білімін ортаға салуына жағдай жасады. Тәуелсіздік – тілдің, дәстүрдің, ұлттық бірегейліктің – мызғымас тірегі, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы қол жеткізді.

С.РАКИШЕВА,

12 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button