Жаңалықтар

Екпе алу – ауырмау жолы

Жыл басында қызылша дерті кең тарап, ауру жұқтырғандар саны 9 мың адамға дейін жеткен болатын. Аурудың таралуын болдырмау үшін қыркүйектен бастап екпе жасау бас­талады. Жасы 20-дан асқан 2 млн. адам екпе алады деп жоспарланып отыр. Мамандар ауру екпе алмағандар арасында белең алғанын айтып, ескертуде.

– Қызылша ауруының кең таралуына байланысты арнайы штаб құрылды. Ол қазір инфекцияны одан әрі таратпау бағытында жұмыс істеуде. Балаларды вакцинациялау мерзімін 12 айдан 9 айға дейін қысқарттық. Бұл шара бірінші жартыжылдықтың соңында қызылшамен науқастанғандар санын қысқартуға септігін тигізді. Осы жолы пайдаланылатын D вакцинасы қызылша мен қызамыққа қарсы, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Оның айтуынша, министрлік 20 мен 29 жас аралығындағы қазақстандықтарды вакцинациялау үшін осындай қосымша шараны қабылдағанын жеткізді.

 Биылғы бірінші жартыжылдықта аса қауіпті деген инфекцияларды жұқтырғандар тіркелмеген.

– Былтырғы жылғы осындай кезеңмен салыстырсақ, 32 түрлі инфекциялық ауруларға шалдығу жағдайын төмендетуге қол жеткіздік. Мәселен, А гепатиті 2,5 есе, эпидемиялық паротит 2,6 есе, сондай-ақ менингококк инфекциясы 49,4%-ға, сальмонеллез жұқтыру жағдайы 26,5%-ға азайды, – деді Л.Бюрабекова.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button