Жаңалықтар

Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысында аптап ыстыққа, ал  Солтүстік Қазақстан облысында қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.  

“6 маусым күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 40°С аптап ыстық болады деп болжанып отыр”, — деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар 6 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, ал күндіз басым аумақта оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, екпіні 23 м/с болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 

Петропавл қаласында 6 маусым күні күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді деп болжануда. 

Дереккөз:  sputniknews.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button