Жаңалықтар

Egov.kz-те – виртуалды қызмет

Алдағы уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкімет порталында видео арқылы кеңес береді. Аталған қызметті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.

Видео арқылы кеңес беруші маманның көмегін алу үшін пайдаланушы басты беттің оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесін басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгісін таңдайды. Кейін пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бірнеше секунд ішінде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Осылайша, ХҚО операторы абоненттің мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсімдеуге көмектесіп, мобильді азаматтар базасына тіркей алады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button