Жаңалықтар

Еңбеккер құқығы қорғалады

Осы жылы еңбекақыны төлемеу бойынша 25 әкімшілік айыппұл салынған. Нақты айтқанда, 5,1 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынып, кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек
БАЛСАРИЕВ мәлімдеді.

– Облыстық еңбек инспекциясына биыл жылдың басынан бері барлығы 855 өтініш келіп түсті. Соған орай мемлекеттік еңбек инспекторлары 295 мекемені тексерді. Жүргізілген тексеріс барысында 205 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде еңбек қатынастары саласы бойынша – 194, еңбек қауіпсіздігі жағынан –11, жұмыспен қамту тұрғысында заңға қарсы әрекет тіркелген жоқ. Облыстық еңбек инспекциясының тексеру қорытындылары бойынша 88 ұйғарым берілді. Бұл ретте «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заңға сәйкес еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып, жұмысшының қорғалу жағдайы ескерілген. Әсіресе, биыл облыста еңбек қатынастары саласында – 81, еңбек қауіпсіздігі жағынан – 7, еңбек қатынасы тұрғысында салынған айыппұл саны – 22, жалпы сомасы 4 280 900 теңгені құрап отыр, – деді Қанатбек Балсариев.
Спикердің айтуынша, Еңбек заңнамасы көбіне жұмысқа қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы, еңбек шартын заңсыз бұзушылық, жалақының уақытылы төленбеуі сияқты фактілер бойынша бұзылуда. Еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар жұмыс берушілердің ҚР еңбек заңнамасын білмеуі, оны оқып-үйренуге талпынбауы, жұмыс берушілердің осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеуі салдарынан орын алуда. Сонымен қатар, жазатайым оқиғалардың басты себептері жұмыс берушілер мен жұмыс өндірісін ұйымдастырушылар тарапынан және зардап шегушілердің өздерінің еңбек қауіпсіздігі жағдайларына немқұрайлы, жауапсыз қарау салдарынан болып жатқандығын тілге тиек етті. Еңбек дауларын және еңбекақы бойынша берешекті болдырмау мақсатында облыс кәсіпорындарымен және ұйымдарымен жүргізілетін мониторингті күшейту туралы шешім қабылданғандығын айтты.

 

Нұрдос Кәрім.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button