Еңбек шарты – еңбеккер құқығы

Жақында «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясы аясында облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бөлім басшысы М.ШАЯХМЕТОВТІҢ төрағалығымен Бұқар жырау ауданына қарасты ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын мекеме басшылары және шаруа қожалықтары иелерінің қатысуымен семинар өтті.

Шараның мақсаты – бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру.
М.Шаяхметовтің айтуынша, бүгінде қызметкердің құқықтық сауатсыздығын пайдалана отырып, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді болдырмау үшін түрлі әрекеттерге баратындар қатары көбейген. Сондықтан да, семинарға қатысушылар тарапынан жоғарыда аталған тақырыпқа қатысты ақпараттандыруды көздеген. Маусымдық жұмыстарға жұмысшылар қабылдаған жағдайда жасалатын еңбек келісім шарты жөнінде және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі сұрақтарға толыққанды жауап беру мақсатында семинар ұйымдастырылған көрінеді. Сонымен қатар, осы күні шараға қатысқан облыстық ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы К.Рахимжанова мен Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Кунуспекова өз ойларын ортаға салды.

Өз тілшімізден.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.