Бас тақырып

Еңбек өнімділігі – ел ырзығы

Аймағымызда астық жинау және қысқа мал азығын әзірлеу жұмыстары қызу жүруде. Диқандар мен шаруа қожалықтары иелерінің кейбірі бұл науқанды аяқтап үлгерсе, енді бірі әлі де жұмыс үстінде. Биыл егіннің қар астында қалмай, дер кезінде жиналуы және мал азығының жеткілікті мөлшерде дайындалуы – облыс әкімі Ерлан Қошановтың жіті бақылауында.

Егін орағын өткізу барысы туралы ресми ақпаратқа сүйенсек, биылғы егіс көлемі – 884 мың гектар. Оның ішін де, дәнді және дәнді бұршақты да қылдар – 847,9 мың гектар, картоп – 10,4 мың гектар, көкөніс – 1,5 мың гек тар, майлы дақылдар 24,0 мың га. Егістің басым бөлігіне, яғни, 630,7 мың гектарға бидай егілген.

Сала мамандарының айтуынша, би ыл егіннің түсімділігі айтарлықтай жақ сы деуге болады. Бірақ, шілде және тамыз айларындағы қолайсыз ыстық ауа райы егіннің орташа түсіміне кері әсер етуі мүмкін.

Биыл астық жинауға 2 344 комбайн шығарылды. Олардың 50і осы жылы сатып алынған. Картоп жинауға 60 комбайн мен 72 картопқазғыш қа тысуда.

Науқан алдында өткізілген жиында облыс әкімі Ерлан Қошанов келесі жылы картоп, қырыққабат, пияз және сәбіз егу алқаптарын ұлғайту қажет екенін айтқан еді.

  • Бізде көкөністерге сұраныс жоғары, оларды сақтау мүмкіндігі бар. Ол, тиісінше көкөніс қорының қысқыкөктемгі кезеңде бағасының өсуін бақылауға мүмкіндік береді, – деп тапсырған болатын Ерлан Жақанұлы.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Бұл науқанды жүргізуге толығымен жетеді. Сондай-ақ, облыста қажетті көлемдегі астықты сақтау мүмкіндігі бар.

Сыйымдылығы 117 мың тонналық 3 лицензияланған, 83 мың тонналық 3 лицензиясы жоқ астық қабылдау кә сіпорындары жұмыс істеуде. Сонымен бірге, шаруашылықтарда сый ым дылығы 560 мың тонналық 523 астық сақтау қоймалары бар. Жалпы сыйымдылық – 760 мың тонна.

  • Тамыз айының басында негізгі астық егетін аудандар – Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра алқаптарын қарап шықтық. Жиын-терім жұ мыстарына дайындық пен ауылшаруашылық дақылдары егістігінің жай-күйімен таныстық, – деп мәлімдеген-ді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов.

Қазірге дейін аймағымызда 281,3 мың гектар егін орылып, 1803 гектар жерден картоп, ал қызылша, сәбіз, пи яз және басқа да көкөністер 184 гек тардан жиналған. Бұл туралы об лыс әкімінің орынбасары Серік Шай даров жуырда өткен аппарат кеңесінде баяндады. Оның айтуынша, би ылғы жылы астық өнімділігі гектарына 9,2 центнерді құрайды. Картоп өсірушілер орташа есеппен гектарынан 235,6 центнер жинауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 42 тонна түйнек қазылған.

Егіннің бір бөлігін өндірушілер тұ рақтандыру қорына жібермек. Бұл маусымаралық тапшылық пен баға лардың өсуіне жол бермеуге көмектеседі.

Биыл 2 миллион тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Қазіргі таңда жоспар 94,6% орындалып, 1 миллион 892,3 мың тонна шөп дайындалған.

Шет ауданындағы «Сарыөзек» ЖШС қызметкері Жанқанат Рызықбай дың айтуынша, қожалық егін жинау мен шөп шабу науқанын аяқтаған. Олар 100 гектар жерге тұқым сеуіп, гектарынан 8 центнер өнім алған.

  • Өткен жылмен салыстырғанда би ыл егіннің түсімі ойдағыдай. Әрі шөп тің де шығымы жақсы болды. Мал азығы ретінде 200 тонна шөп да йындадық. Қысқа сақадай сай да йынбыз, – деді сала маманы.

Оның айтуынша, шаруашылық иелігінде шөп дайындауға қажетті техникалардың болуы қысқа дайындық жұмыстарын жеңілдеткен.

Бүгінде кәсіппен айналысамын де ген адамға еш кедергі жоқ. Мемле кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқа ев Қазақстан халқына арнаған «Сын дарлы қоғамдық диалог – Қазақс танның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауында шағын және орта кәсіп иелерін 3 жылға дейін салықтан босатуды ерекше атап айтқан еді. Өйткені, еліміздің өсіп-өркендеуінде ішкі өнім көрсеткішінің жоғары болуы өте өзекті. Заман ағымына қарай, егін ору мен шөп шабатын техниканың да дамыған түрлері пайда болуда.

  • Қазір шөпті баяғыдай шалғымен шауып, айырмен жинау деген жоқтың қасы. Барлығы техниканың көмегімен жүзеге асырылады. Алдымен трактор шауып, орамдарға жинап өтеді, соңынан екінші трактор жинайды да жүк көлігіне артып береді. Осылай ширақ қимылдап, жылдам жинауға мүмкіндік бар. Ал, жиналған орамдағы шөпті мал ға берерде қораға кіріп, қолмен шашудың да қажеті жоқ. Ол үшін орамды қораның ішіне тастасаңыз жет кілікті, орам өз салмағымен-ақ шашылып түседі. Бұл – шөпті орамдап жинау тәсілінің тиімділігі. Табиғи шөп ті шауып, жинауды аяқтадық енді екпешөп дайындау қалды. Екпешөптің ерекшелігі – қыста арыған мал ға күш беріп, тез семіртеді. Ал, жемді негізінен Осакаров ауданынан аламыз, – дейді Жаңаарқа ау данындағы «Асбер-Агро» ЖШС ди ректоры Бүркіт Әлі.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button