Жаңалықтар

Құдыққа құлағандар құтқарылды

Қарағандыда екі адам ашық құдыққа құлап кетті. Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адамдар құдықтың түбінде жиналып қалған көмірқышқыл газына айтарлықтай уланбаған. «Қарағандының Таугүл шағынауданында құдыққа адамдардың құлап кеткені туралы хабар түсті. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару бөлімінің екі құтқарушысы альпинистік құрал-жарақтармен және «Омега» екі дем алу аппаратының көмегімен төменге түсіп, зардап шегушілерді шығарып алды», – деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Уланып зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда құдық қай мекемеге тиесілі екендігі  және оның ашық қалу себебі анықталуда.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button