Басты тақырыпРуханият

«Дулығалы» мешіті

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Ұлт көшбасшысының тікелей бастамасымен дүниеге келген «Мәдени мұра» бағдарламасын да жандандыра түсті. Ол – талай тарихи жәдігерге жан бітіруге септігі тиген құнды құжат. Соның бірі – заманында өзіндік өркениет орталығы болған «Дулығалы» рухани-мәдени кешені.

Кешенге кіретін нысанның бірі – Құлмұхамбет ишан кесенесін жаңғырту бұрнағы жылы бітті. Ендігі кезек тоғыз күмбезді «Дулығалы» мешітіне келді. Мердігер фирма күні кеше іске кірісті.

Осыған орай, ишан әулеті ас беріп, аруаққа құран оқытты.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Ұлт көшбасшысының тікелей бастамасымен дүниеге келген «Мәдени мұра» бағдарламасын да жандандыра түсті. Ол – талай тарихи жәдігерге жан бітіруге септігі тиген құнды құжат. Соның бірі – заманында өзіндік өркениет орталығы болған «Дулығалы» рухани-мәдени кешені.

Кешенге кіретін нысанның бірі – Құлмұхамбет ишан кесенесін жаңғырту бұрнағы жылы бітті. Ендігі кезек тоғыз күмбезді «Дулығалы» мешітіне келді. Мердігер фирма күні кеше іске кірісті.

Осыған орай, ишан әулеті ас беріп, аруаққа құран оқытты.

Елді елеңдеткен елеулі оқиғаға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Сақыпов пен «Байқоңыр» ауылының әкімі Серік Әбіжанов, Жезқазған мен Сәтбаев қаласынан, Жезді мен Қарсақбайдан келген қонақтар қатысты.

Бұл мешіттің тарихы әуелде әкесі Арыстанбай ашқан діни сауатты қанағат тұтпай, ауыл ақсақалдары мен әкесінің батасын алып, жайлаудағы ауылға сауда-саттық жасап келген саудагердің керуеніне ілесіп, он бір жасында алыстағы араб еліне аттанған, содан он алты жылдан кейін «қари» және «ишан» дәрежесінде оралған Құлмұхамбет тағдырымен терең тамырлас.

Ол басы артық дүние-мүлік жимаған, мал ұстамаған. Қолына түскен малды жәрмеңкеге шығарып, ақшасына кітап пен оқу құралын алдырған. Жат жерде жүріп жиған-терген өнерін елге үйретуге ұмтылған. Саналы ғұмырын елінің рухани қазынасын еселеуге, көңіл көкжиегін кеңейтіп, кемелдендіруге арнаған. Имандылық үйі – мешіт пен білім ошағы – медресе салуға ұйытқы болған.

Құлмұхамбет ишан алғашқы мешітті «Ақсудың» табанынан ойған шымнан ауылдың еңісіне тұрғызған. Оны күмбездемей, тек төбесіне ай орнатқан. Алайда, ойдағы мешітті қыста қар басып қала бергесін, қырдан жаңасын салады. Алғашқы мешітте дала комиссары Әліби, сардар Аманкелді сауат ашқан.

«Қазіргі мешіттің салынған жылы жөнінде екіұдай пікір бар: бірі – 1904, екіншісі – 1910. Менің пайымдауымша, екі дерек те негізді. Себебі, консервациялық сараптама кезінде анықталғаны: алдымен мешіт шикі кірпіштен көтеріліп, кейін сырты қызыл қышпен қапталғаны көрініп тұр», – дейді «Ұлытау-Ұлар» мамандандырылған жөндеу-жаңғырту фирмасының басшысы Әнуар Төлебаев.

Жаңа мешіт жобасын Бұқара үлгісімен 9 күмбезді қылып Құлмұхамбет ишан сызыпты. Кірпіш құйғанда басы-қасында болып, басшылық жасаған. Бетіне арабша жазу, әртүрлі ою-өрнек түсірілген кірпіш құйып, күйдірген көрінеді. Кесек құятын қалыпты өзі үш жыл шапқан екен. Кесек күйдіретін пеш салуға да қатысыпты. Қалыптың дайын болуына қарай уақыт өткізбей, дереу кесек құйып, күйдірген. Отынға тобылғы мен қамыс пайдаланған.

Мешіттен кейін 24 бөлмелі медресе салады. Төбе жабатын ағашты, едендік тақтайды өгіз жегілген арбамен Аманқарағай, Наурызымнан тасыған. Құрылыс 1920 жылы бітеді. Оған дейін балалар мешітте оқиды.

Бұқара үлгісімен салынған тоғыз күмбезді мешіт, сырты өрнекті қызыл кірпішпен өрілген жиырма төрт бөлмелі медресе, Құлмұхамбет ишанның келісті кесенесі мен қызыл үйі – «Дулығалы» өз заманында тұтастай бір рухани-мәдени кешен болғанын айғақтайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру жөніндегі маңызды мақаласы талайдың санасына саңылау түсірді. Туған топыраққа деген түсінікті тереңдетті. Киелі орынға, қашықтығына қарамастан, қазір де тәу етіп жан-жақтан жұрт келіп жатады.

«Дулығалы» мешіті 2011 жылы  консервацияланды. Белгіленген біраз істің басы қайтарылды. Сосын аудан имамы араға ондаған жыл салып азан шақырды, жұма намазы оқылды. Енді, Алла тағаладан сондай күнді жаңғыртылған мешітте көруге жазсын деп тілейік.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button