Жезқазған

ДУЛАТ АҚЫНҒА АРНАЛДЫ

   «Зар заман» ақындарының шығармаларын жас оқырмандар арасында насихаттап, зерделеу бағытында 2007 жылдан бері республикалық акция жүйелі өткізіліп келеді. Дәстүрлі акция биыл Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналды. Соған орай Жезқазған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі № 7 филиалының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин кітапханасында «Зар заман ақыны» атты жыр-толғау кеші өтті.

Он тоғызыншы ғасырдағы «зар заман» ақындарының көш басында тұрған Дулат Бабатайұлы қазақ поэзиясына жаңа қалып, соны леп әкелгені белгілі. Отаршылдық саясатқа рухани қарсылық танытып, елдікті, батырлықты, адамгершілікті басты тақырыбына айналдырған өткір тілді ақынның есімі кеңес заманында аса аталмай келді. Жас Абайдың жан дүниесіне ойлы жырымен әсер еткен ақын Дулаттың атын М. Әуезов «Абай жолында» Барлас деп өзгертуге мәжбүр болған екен. Кітапханада өткен жыр-толғау сағатында қаладағы №21 орта мектеп оқушылары Абайдың Дулат ақынмен кездесуін шағын көрініске арқау етіп, отты жырларын мәнерлеп жеткізді. Ақынның өмір жолы туралы бейнебаян көрсетілді. Кітапханашылар Нәзира Сүйіндікова мен Раушан Кәдірбекова «Ақындықтың дара тұлғасы» атты шағын кітап көрмесіндегі ақынның жарық көрген шығармалары мен әдеби-зерттеу мақалаларымен таныстырып, әсерлі әңгіме өрбітті.

Амандық РАХҰЛЫ

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button