Басты тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Дуальді білім

 

Герман сарапшысы  – Қарағандыда 

Өңірдегі дуальды оқыту жүйесі шетел сарапшыларының назарында. Жақында  кеншілер шаһарына жобаны жан-жақты дамыту көрсеткішін жасау мақсатында Германиядан тәуелсіз сарапшылар келді.

 

Герман сарапшылары облыстық білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетовпен Теміртау политехникалық колледжі әкімшілігі және оқытушыларымен тәжірибе алмасу барысында оқу орнын аралады. Колледж базасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасында дуальды білім беру жүйесін енгізу бойынша стратегиялық альянс тақырыбын қозғаған жиында білім басқармасының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының облыс бойынша өкілдері, қаланың жұмыс беруші орталықтарының мамандары қатысты. Колледждегі жоба шеңберінде атқарылған жұмыстар жайында қортынды есеп тыңдалып, Теміртау политехникалық колледжі КМҚК германиялық дуальды оқыту жүйесі бойынша өндірістік электроншылардың дайындығын жалғастыру жұмыстары сараланды.

Естеріңізге сала кетейік, дуальды оқытуды енгізудің эксперименталдық бағдарламасы 2014 жылғы қыркүйектен Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамымен өзара әрекеттесу шеңберінде қазақстандық білім беру жағдайына бейімделген неміс кәсіптік стандарттардың жеке мамандықтары бойынша бағдарламаларды әзірлеуден бастау алған.  Бұл ретте Қарағанды машинажасау колледжі мен Теміртау политехникалық колледжі студенттерін оқыту басталды. Қазіргі таңда облыстың 29 колледжінде дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Оқыту негізінде өңірде мамандығы бойынша білім алған түлектердің жалпы санынан (11561 адам) – 6218 адам жұмысқа орналасты. Ал, облыста дуальды жүйе бойынша жұмыс істейтін колледж саны 17-ден – 27 -ге артты, бұл оқу орындарының жалпы санының 36 пайызын құрап отыр. Колледж ұжымдарымен бірлескен 40 пайыз теориялық сағаттық және  60 пайыз практикалық сағаты бар оқу бағдарламалары әзірленіп, практикалық оқыту жүргізу үшін солардың базасын қолдану бойынша 146 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button