"Білгенге маржан"

Домбыра қалай жасалады?

Бір домбыра жасау үшін 4-5 түрлі ағаш керек. Қазақстанда қызыл және қара ағаш мүлдем өспейді. Бізде еменнің бір ғана түрі өссе, шетелде оның бірнеше түрі бар. Бірақ, бұл ағаштардың бәрін қазіргі таңда елімізден табуға болады. Қаржыңыз болса болғаны.

Ең бірінші тапсырысқа сай ағаш сатып алынады. Қара ағаштан немесе жаңғақтан қалыңдығын 3 миллиметрдей етіп, домбыраның шанағын ойып шығару қажет. Содан кейін қалыңдығы 2,5 немесе 3 сантиметр көлемде домбыраның мойын ағашы әзірленеді. Мойын ағаш адамның ұстауы үшін өте ыңғайлы болуы тиіс. Кейін шанақ қалыпқа салынып иіліп, пеште күйдіріледі. Тұлыбы құралған соң, домбыраның құлағы орналасатын бас ағаш бекітіледі. Бұлардан кейін шанақтың бетін дайындау керек. Оған да төрт түрлі ағаш қажет. Бөліктері өзара желімнің көмегімен жабыстырылады. Дайын болғанда домбыраны әбден сүргілеп, оюлап, лак жағу керек.

Соңында құлағын салып, ортасынан тесік ойылады және ішек байланып, тиегі салынады.

Маржан терген Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button