Руханият

Дін мен террор егіз емес…

Қазақстан жүздеген ұлттардың, көптеген діндердің тоғысқан жері. Әлем жұрты Қазақстандағы жаңа заманда өмір сүрудің жаңашыл үрдісіне тәнті болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ел ішіндегі дінаралық, ұлтаралық келісімді нығайтып қана қоймай, әлем діндерінің басын жаңа елорда – Астанада қосып, бұл мәселені әлемдік деңгейде көтерді. Сөйтіп, салауатты қоғам орнату арқылы экономиканы да жоғарылатып, діни, этникалық үрдістерді де демократикалық негіздерде жүзеге асыруға ден қойылды.


Еліміздің көркеюіне, өркендеуіне, алға басуына діннің ықпалы өте зор. Көп ұлтты халқымыздың татулығы мен ұрпағымыздың жарқын болашағына нық сеніммен қарау үшін мемлекетіміз толеранттылық үлгіні ұстанып отыр. Сонау ата-бабаларымыздың бұлақтың мөлдір суындай сақтап, қастерлеп келген дінін келер ұрпаққа сол күйінде жеткізуді алға тартып отырмыз. Баршаңыз білесіздер, бүгінде түрлі діни ағымдар пайда болды. Жастарымыз білімге, мәдениетке, спорттық және қоғамдық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктеріне шектеу қойған. Тағдыр талайында адасып жүргендерге мемлекет, қоғамдық мекеме, мамандар өз тараптарынан аянбай көмектерін беруде.
Қаладағы діни жағдаймен, діни мәселелерді реттеудегі мемлекеттік саясат қағидаларымен таныстыратын сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың болмысы туралы ақпараттандыратын және діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасын жүргізетін Қарағанды қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды қаласының жастар ре-
сурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін атқаруда.
Кәсіби мемлекеттік қызметшілер, дінтанушылар, теологтар, дәстүрлі дін өкілдерімен бірлесе, қазіргі қоғам індетінің алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасын таба береді. Семинар, тренинг, лекция, дөңгелек үстелдердің тақырыптары маңызды және әртүрлі.
Қазір Қарағанды қаласының діни жағдайы тұрақты. Осындай тұрақты жағдайға қарамастан экстремизм мәселесі әлі де өзекті. Деструктивті діни ұйымдардың жұмысы отбасылық құндылықтарды жоюға және өздерінің арам ойларын іске асыруға бағытталған. Өкінішке орай, заңдық деңгейде қарасақ, қазіргі уақытта жалған діни ағымдарының әсеріне түскен адамдар зардап шеккендер деп есептелінеді дегенмен де, өздері де, жақындары да зардап шегіп жүр.
Шетелде адамдар, өзінің әрекетімен басқа адамдарға немесе оның отбасына зиянын тигізсе қылмыстық немесе әкімшілік жаза қолданылады. Ал, бізде ондай мүмкіншілік те жоқ, тіпті, егер адам зардап шексе де дәлелдеу мүмкін емес.
Қазіргі таңда дінтану сабақтары мектептерде, кейбір жоғары оқу орындарында жүргізіліп жатыр. Бірақ, оқу бағдарламаларының тәртібінде экстремизмге қарсы тақырыптар қарастырылмаған. Бұл мәселе біржақты қарастырылған немесе, тыйым салынған діни ұйымдардың тізімі ғана көрсетілген.
Жастар түсінбеушіліктің салдарынан псевдодіндердің алдында әлсіз. Осыған байланысты ата-аналармен де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен де, басқа мемлекеттерге қарағанда, осы келеңсіздіктермен оқиғаларды қай жағынан болса да ашық түрде күресіп жатырмыз.
Бір мысал келтіріп өтсем, әйел адам үш баласын тастап, шіркеуге сыйынуға барады. Осы қылығына күйеуі наразы болады. Бірақ, әйелі отбасына қарауға еш қажеті жоқ екенін айтып, бұл мінезін бірнеше рет қайталайды. Әбден шыдамы таусылған күйеуі өзінің басындағы жағдайымен бөліседі. Шыдамның да шегі бар демекші, әрбір адамның ақыл-ой өрісі бар емес пе?
Дегенмен де, адамзат жалған діндердің әсеріне бой бермеу керек қой. Мына өмірімізді босқа қорламай, іштей құрып кетпеудің жолын ақыл-ой таразысына сала білейік.

Қарлығаш ГИМАДИЕВА,
Қарағанды қаласы әкімдігі
ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды
қаласының жастар ресурстық
орталығы» КММ инспекторы,
дінтанушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button