Жаңалықтар

Дін – бейбітшілік жаршысы

           Жуырда «Нұрлы білім» деструктивті діни ұйымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде «Қасиетті кітап және бейбітшілік» тақырыбында «HWPL» бітімгершілік ұйымымен диалог түрінде онлайн-конференция өтті.

Аталмыш конференцияға дін мамандары: «Әнет Баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Қарағанды қаласының православ «Крестовоздвиженский» шіркеуінің өкілі Александр Адоменас, Қарағанды Римді-католиктік епархиясының діни қызметкері Александр Посацкий және «Нұрлы білім» ҚБ қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, бүгінде «HWPL» – халықаралық бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұйым, әлемдік бейбітшілікке қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл бірлестік Сеул қаласының әкімдігіне тіркеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаментіне кіреді.

Дін мамандары шара барысында баяндамаларын оқып, сұрақтарға жауап берді. Еліміздегі негізгі дін өкілдері өздерінің Қасиетті Кітаптарының соғысқа шақырмайтынын керісінше, бейбітшілікті насихаттайтынын сөз етті. Бұл күні корей өкілдері 27 жыл бойы Қазақстандағы әртүрлі конфессиялардың еш соғыссыз, бірлік пен ынтымақтастықты сақтай отырып, өмір сүріп жатқандығына таңданысын білдірді. Сондай-ақ, дінаралық және өркениетаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбіді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button