Жаңалықтар

Әділет министрі: «Құжат ауыстыруға асығудың қажеті жоқ»

Астана қаласының атауының өзгеруіне байланысты тұрғындар құжат ауыстырып әуре-сарсаңға түспейді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

«Куәлік құжаттар, мысалы, туу туралы куәлік, дипломдар, жүргізушілік куәліктерді қазірден бастап шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл құжаттар тиісті белгіленген мерзімі бойынша, яғни, ауыстыру уақыты жеткен кезде өзінің кезегімен ауыстырылады», – деді Марат Бекетаев.

Басқа материалдар

Back to top button