Жаңалықтар

Дерек пен дәйек

Тоқтар Оңғарбайұлы

ӘУБӘКІРОВ

1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1 Май колхозында дүниеге келді. Жұбайы — Әубәкірова Татьяна Михайловна, ұлдары: Тимур – бизнесмен, Алматы (1977 ж.т.). Михаил – магистр, Лондон (1982 ж.т.),

Армавирдегі ұқыштардың жоғарғы әскери авиациялық училищесін (1969 ж.), КСРО Авиа­ция өнеркәсібі министрлігінің сынақшы-ұшқыштар мектебін (1976 ж.), Мәскеу авиация институтын (1979 ж.) бітірді. Ғарышкерлер дайындайтын Орталықтан (1991 ж.) өтті.

Еңбегі сіңген сынақшы-ұшқыш, ұшқыш-инженер, инженер-аэрогидродинамик, сынақшы-ғарышкер-ұшқыш, техника ғы­лымдарының докторы, профессор (Ресей, 1999 ж.), авиация генерал-майоры (1992 ж. 23 ақпан).

Еңбек жолын 1961-1962 жылдары Теміртау қаласындағы асханалар мен мейрамханалар тресінде жүк тасушы болып бастады. 1962-1965 жылдары Теміртаудағы құю-механикалық, зауытында токарь болып еңбек етті. Әскери училищеден соң КСРО Әуе Күштерінде ұшқыш, звено командирі, штурман — авиация эскадрильясы командирінің орынбасары (1969-1975 ж.ж.);

Ұшқыш-сынақшы, ҮСМ тың­даушысы (1975-1976 ж.ж.); Улан-Удэ авиациялық зауытының ұшқыш-сынақшысы (1976 ж.); А.Микоян атындағы конструкторлық бюросында ұшқыш-сынақшы (1976-1991 ж.ж.) қызметін атқарды.

1986 жылы «Тбилиси» авиатасығыш крейсеріне МиГ-29К ұшағын қондырып, сол жерден әдеттегі жүйе бойынша әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Бұл ұшу бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді.

1991 жылы Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындайтын Орталықта жалпы ғарыштық толық дайындық курсынан өтті. 1991 жылдың 2-10 қазанында кеңестік-австриялық халықаралық «Союз» ТМ-13 ғарыштық, экспедициясының құрамында ғарышқа шығып, ғарышкер-зерттеуші санатында орбиталық «Мир» стансасында болып қайтты.

ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті Төрағасының бірінші орынбасары (наурыз-тамыз 1992 ж.); КР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары (тамыз 1992 ж, – қаңтар 1993 ж.); Ғарышты зерттеу агенттігінің Бас директоры — КР ғылым мен жаңа технологиялар министрінің орынбасары (қаңтар-ақпан 1993 ж.); Ұлттық, Аэроғарыш агенттігінің Бас директоры (ақпан 1993 ж. наурыз 1994 ж.);

ҚР Жоғарғы Кеңесінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы (сәуір 1994 ж. – наурыз 1995 ж,); КР Президентінің Көмекшісі (сәуір 1996 ж. – сәуір 1997 ж.); ҚР Президентінің Кеңесшісі (сәуір 1997 ж. – сәуір 2000 ж.); қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары (сәуір 2000 ж. – маусым 2001 ж.).

ҚР ХІІ-ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Кеңес Одағының Батыры (қазіргі заманғы ұшақтарды сынақтан өткізуде көрсеткен ерлігі мен өжеттігі үшін – 1988 ж.); 1995 жылы Казақстанның «Халық, Қаһарманы» атағы беріліп, «Отан» орденімен, «Алтын жұлдызбен» марапатталды;

КСРО-ның еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшысы КСРО ұшқыш-ғарышкері (1991 ж.) және КР ұшқыш-ғарышкері (1994 ж.); Ленин, Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі», КР «Отан» ордендерінің, сондай-ақ Австрияның «Алтын Крест» орденінің (1993 ж.) иегері, КР еңбегі сіңген спорт шебері, Астана мен Алматы каласының, Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен бірқатар облыс қалаларының Құрметті азаматы. Ғылыми-техникалық мазмұндағы екі кітаптың авторы.

2001 жылы «Ғасыр саңлағы» атағы берілді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button