Бас тақырып

Әдептен озбағын, мемлекеттік қызметші

Дүйсенбіде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Жандос СӘРСЕНОВТіҢ басшылығымен кеңес отырысы өтті. Жиында облыстағы мемлекеттік органдарға қарасты тәртіптік кеңестердің өткен жылғы қорытындылары тыңдалды.

Аталған департамент басшысы мемлекеттік аппараттың кәсібиленуіне тоқталды. Әдеп тұрғысындағы жұмыстарды жетілдіру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.

Әдеп жөніндегі ережеге сай тәртіптік кеңес мәселесі тілге тиек етілді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жүргізген жұмыс нәтижелері де айтылды.

Департамент мамандарының ақпаратына сүйенсек, өткен жылы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуы 33 пайызға (2018 жылы – 32%, 2017 жылы – 48%) азайған.

2018 жылы облыс бойынша 1195 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 6,1% -ға (1122) артық.

Осы ретте, Қарағанды қаласы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы В.Храповтың басшылығымен 119 адамға консультациялық көмек берілген. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодекстеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнінде 16 дәріс оқылып, семинар өткен. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші лердің жұмыс әдебін және адамгершілік-психологиялық ахуалын бақылау мақсатында жасырын түрде екі сауалнама (2017 жылы – 257 адам, 2018 жылы – 376 қызметкер) жүргізілген. Мемлекеттік қызметшілердің әдепті бұзу фактілері бойынша 10 өтініш қаралып, 221 мемлекеттік қызметшіге әдеп тұрғысындағы мінез-құлыққа қатысты ұсыныстары бар қалталы кітапша таратылған.

В.Храповтың айтуынша, халыққа жеткен қолжетімді ақпарат арқылы мемлекеттік органның келбеті қалыптасады. Ал, ақпарат алудың бір түрі телефон желісі арқылы жүзеге асады. Осы орайда, қалалық әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердің жұмыс істемейтін телефондары жөнінде «сенім телефонына» шағымдар түскен. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бөлімдерінің нақты нөмірлері анықталып, оларға жауапты қызметкерлер тағайындалды.

Аталған заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында тәртіптік комиссиялардың қызметі жөнінде семинарлар өткізген. Оған тәртіптік комиссиялардың, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысқан. Департамент мамандары тәртіптік қызмет бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтады.

Басқа материалдар

Back to top button