Қарағанды

Денсаулық орталығы ашылды

     Кеше Қарағандыдағы «Көгілдір тоғандар» ықшам ауданында Денсаулық орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына №4 емхана мен «GIO TRADE» ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негіз болды.

Денсаулық орталығының жұмысы инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған. Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау да – басты мақсат.

Мәселен, темекі шегуден бас тартқысы келген тұрғындар үшін Денсаулық орталығының есігі айқара ашық. Қаралы статистикаға сенсек, Қазақстанда жылына 25 мың адам темекі шегудің салдарынан пайда болатын аурулардан көз жұмады екен.

Сондай-ақ, жаңа орталықта жастарға пайдалы кеңестер беретін өзге де кабинеттер бар. Мамандар дұрыс тамақтану мен денені шынықтырудың пайдасын де кеңінен түсіндіреді.

Психологиялық кеңеске мұқтаж жандардың да Денсаулық орталығына жүгінгені абзал.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button