Денис Тен қайтыс болды

Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», — деді ол. Оның айтуынша, денсаулық сақтау басқармасы кейін осы жағдайға байланысты брифинг өткізеді. 

Белгілі болғандай, оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында болған.

 Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.