Жаңалықтар

Демалыс көркі – жазғы лагерь

Балалардың «Қауіпсіз жаз – 2016» акциясы облыстың «Березняки» демалыс орны және «Жас Алаш» сауықтыру лагерінде өтті. Шара жазғы демалыс барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету мақсатын көздеді.

Жаз айларында балалардың суға шомылуы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған акцияға қызыл ай қоғамдық қорының мүшелері, ТЖД қызметкерлері және жергілікті құқық қорғау органының өкілдері қатысты. Акция аясында демалыстағы балаларға «Бағдаршам көздері», «Жолақтан өт» қойылымдары көрсетіліп, төтенше жағдайлар туындағанда құтқарушы, жедел қызмет жүйелерінің нөмірлері жатқа айтылып, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы көріністер көрсетілді. Судан құтқару қызметінің мамандары қатысушыларға суда шомылуда қауіпсіздік ережелерін сақтау, алғашқы көмек көрсету, тікелей жүрекке ем жасау жолдарын көрсетті. Тұрмыстық газ жүйесін пайдалану ережелері мен өрт туындаған жағдайларда дұрыс әрекет ету ережелері айтылды.

Қарағанды облысы білім

басқармасының

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button