Дариға Назарбаева Сенатта сөз сөйледі (видео)

Парламент Cенатының жаңа спикері Дариға Назарбаева барлық білімі мен қабілетін алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсайтынын айтты,  — деп хабарлады Tengrinews.kz

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті әріптестер, қымбатты қазақстандықтар. Сіздер маған сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен қазіргі тарихи сын сәттегі еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі парламенттің рөлі мен маңызын терең түсінемін.  

Елбасымыз қоғамды жаңғырту, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау мен қорғауды күшейту бойынша маңызды тапсырмалар берді. Елді дамыту стратегиясымен қойылған мақсаттарын заңнамалық қамтамасыз ету бірінші кезекте адамдардың өмірін жақсартуға, Қазақстан мемлекетін нығайтып көркейтуге бағытталған. Сізге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін тағы да алғысымды білдіріп, өзімнің барлық білімім, қабілетімді алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсаймын деп сендіремін»», — деді Дариға Назарбаева.