Жаңалықтар

Дамудың даңғыл жолында

               Жуырда М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға қатысушылар қатарында «6505» әскери бөлімінің сарбаздары болды. Мұндағы мақсат – Мемлекет басшысы Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру. Сонымен қатар, Отанды сүю, өз еліміздің тағдырына, оның өткені, бүгіні және болашағына бейжай қарамау сынды адамгершілік құндылықтарды түсінуге және тәрбиелеуге мән берілді.

Дөңгелек үстел барысында сарбаздарға Елбасы Жолдауындағы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның жүйелі дамуы шараларының нақты бағдарламасы ретінде белгіленіп берілген он міндет тілге тиек етілді. Мұнымен қоса, Қазақстандағы саяси сарапшылардың ой-толғамдары, пікірлері таныстырылды.

Әңгіме барысында «Жолдау және жастар» тақырыбына баса назар аударылды. Жастарға «Бұл Жолдаудан қандай жаңашылдық пен маңызды міндеттерді талдап айта аласыздар? Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда жастардың рөлі қандай?» деген сауалдарға талдау ұсынылып, пікірталас жүргізілді. Жолдаудың басымдықтары слайд-презентация арқылы таныстырылып, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button