Жаңалықтар

Даму барысы – партия назарында

     Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде кәсіпкерлікті қолдау және жаңа заманауи өндіріс ошақтарын құру мақсатында бірқатар бағдарламалар қолға алынуда. Аймақтағы жобалардың жүзеге асу барысымен, атқарылған жұмыстармен танысу мақсатында кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

Партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, нұротандықтар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына ұдайы бақылау жүргізеді. Тек, соңғы 2,5 жылда Индустрияландыру картасы аясында кеншілер өңірінде жалпы сомасы 124,9 млрд. теңге болатын 22 өндірістік нысан іске қосылды. Соның нәтижесінде, 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Кепілдік беру, субсидиялау, гранттар бөлу сияқты кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жүзеге асыру үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы биыл Қарағанды облысында 1,5 млрд. теңге бөлінген. Соның арқасында 2017 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 77 жобаның субсидияланғаны белгілі болып отыр.

Сапар аясында ол көлік және логистикалық орталық пен ескі автокөліктерді жою зауытында болды. Бұл кәсіпорындар Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде іске қосылған.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасарының Қарағанды облысындағы жұмыс сапары туралы кеңейтілген мақаланы газетіміздің келесі санында назарларыңызға ұсынамыз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button