Бас тақырыпРуханият

Даланың дара тынысы – фотосуреттер тілінде

Арқаның дархан даласында көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздың көнермес ғұрыпдәстүрлерінің, яғни, ұлт мәдениетінің мәйегі тұнып тұр десек, еш қателеспейміз. Осынау ерекшеліктің жасампаздығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңаша сипатты иеленіп, жарқырай көрініс беруде. Алатаудың бөктеріндегі әсем қаланың төрінде ашылған қарағандылық шебер, National Geographic Qazaqstan журналы мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорықмузейінің фотографы, «TEFA Eurasiaphoto» шығармашылық бірлестігінің төрағасы Дмитрий РУГИСТІҢ «Қазақстандықтар» атты жалпы атау телінген дербес фотокөрмесі ұлт болмысының баға жетпес құндылықтарын деректі суреттер тілімен баяндайды.

«Арман» кино орталығында жұртшылық назарына ұсынылған көрмедегі әр суреттің «Мыңнан бір мезет» деуге татырлық мәні мен мазмұны бар екендігі ақиқат. Сериялы фото жұмыстар кейіпкерлерінің басым дені «қойын құрттап, айранын ұрттаған» қарапайым ауыл еңАхат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» беккерлері, күнделікті тіршілік тынысымен дала дәстүрлерін дамытуға қалыптасқан жұртшылық өкілдері – қариялар, ақжаулықты әжелер мен ұрпақ өрбітіп отырған аналар, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, мектеп оқушылары санатындағы ұлытаулықтар. Солардың іс үстіндегі, мейрам сәттеріндегі немесе демалыс кезіндегі бейнелері арқылы Ұлт ұясындағы ұлағатты ұстанымдар мен жалпы қазақ ұлтына тән қастерлі қалыптар бедерлі түрде айқын көрініс береді.

Көрменің тұсаукесер салтанатына жиылған танымал қоғам және өнер қайраткерлері білдірген ортақ тұжырымдағы пікірлерге сүйенсек, аталмыш көрме қазақстандық қоғамның белгілі бір уақыт кезеңдеріне тән ғұмыр кешу үрдісін жан-жақты тұрғыда дәріптейтін фотоқұжаттама кешені іспетті әсер қалдырады. Орайлы тұста сыны мен сипаты бөлек көрменің тұсаукесеріне есімдері елге етене мәлім академиктер, сәулетшілер мен фотографтар, музыка мамандары мен спортшылар, ұлттық өнердің өркен жаюына мүдделі меценаттар келгенін айта кету артықшылық етпейді.

Осы жайттың өзі қарағандылық фотографтың көрмесі Алматының мәдени өміріндегі айтулы оқиғаның бірі ретінде қабылданғанын айғақтаса керек.

Салтанатты рәсімде белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері, меценат Марғұлан Сейсембай, Кино өнері академиясының профессоры, «Медеу» фотоклубының төрағасы Валерий Коренчук, ҚР Өнер академиясының академигі Владимир Псарев, қоғам қайраткері, көрмені ұйымдастырушы Ажар Жандосова және басқалары жүрекжарды лебіздерімен бөлісті. Ал, қа­рағандылықтардың қапысыз ықыласы мен ыстық сәлемін көрме авторына, алматылық өнерсүйер ағайынға «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің директоры Бақтияр Қожахметов жеткізді.

– Мен де Ұлы Дала Елінің жұпар ауасын жұтып жүрген, оның таулары мен көлдерін, қыраттары мен өзендерін құлай сүйетін, жаны жайсаң адамдарын жаныма жақын тұтатын перзенттердің бірімін, – дейді қалың қауымды тартымды фотосуреттерімен тәнті еткен Дмитрий Ругис. – Сайын дала табиғаты тым сұлу, ондағы әр құбылыстың сонда өмір сүретін адамдар дың табиғи таным-түйсігімен үйлесімділігі ғажап. Қайталануы сирек сәттерді дер кезінде сезіну мен оны сол мезетте қалт жібермей тарихта таңбалап қалдырудың тілмен айтып жеткізгісіз ләззаты бар.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button