Шет

Дүбірлі дода

   Кіндік қаның тамған жердің қадірін шалғайда жүргенде білесің. Қасиетті туған жердің перзенті болып, қадіріне жете алсақ, қанеки?!  Әркімнің туған жері – өзіне мысыр шаһар.

«Астана-Моторс» компаниясының жетекшісі Нұрлан Смағұлов – Ақадыр кентінің тумасы. Ірі компанияны басқарып отырған жерлесіміздің туған жеріне деген сүйіспеншілігі, құрметі ерекше. Әйтпесе, басқа да байлығы асып төгіліп жатқандар бар ғой. Олар туған жерін ойламақ түгілі, ат ізін де салмайды. Ал, ірі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов болса осыдан біраз жыл бұрын Ақадыр кентінде спорт кешенін салып берді. Жыл сайын дзюдодан мектеп оқушылары арасында арнайы біріншілік өткізіп, өзі демеушілік жасайды.

Биыл «Астана-Моторстың» құрылғанына 25 жыл толыпты. Туған ауылының перезенті тағы да жасөспірімдердің басын қосып, дзюдодан республикалық ашық турнир өткізді. Сонау Астана, Шымкент, Қызылорда, Алматыдан командалар қатысты. Жеңімпаздар да көп болды. Жасөспірімдердің спортқа деген ерекше құлшынысы да байқалды. Ауыл спортын көтерудің бірден-бір жолы осы болса керек. «Астана-Моторс» компаниясының өкілі Нұрбек Қарағаев арнайы келіп, жарыстың басы-қасында болды. Жеңімпаздарға «Астана-Моторс» компаниясының медальдары, грамоталары тапсырылды. Әрине, мұның үстінде ақшалай сыйлықтар және бар.

Дүбірлі жарыс Ақадыр кентінің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы бастамасымен ұштасып жатты.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

 ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button