Спорт

Чемпионға ілтипат

Қарағандыдағы Геннадий Головкин атындағы спорт кешеніне АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Джон Марк ПОММЕРШАЙМ келді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «GGG» ресми тобында хабарланды.

Көмірлі өлкедегі сапары барысында Поммершайм әй­гілі жерлесіміздің есімін иеленген кешенге баруды құп көріпті. Чемпионға деген ілтипатын осылай көрсетті. Сәні келіскен ғимарат ішін аралап көрген ол жас спортшылармен тілдесті. Боксшылармен жүздесіп, жаттығу барысымен танысты.

Сапар соңында АҚШ Елшісінің орынбасары жасөс­пірімдерге сәттілік тіледі.

– Мен – Геннадийдің жан­­күйерлерінің бірімін. Ол – һас талант иесі. Нағыз жауынгер Генадай болуы тиіс деп есептеймін. Сіздердің де болашақта даңқты жерлестеріңіз сияқты биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін, – деді Джон Марк Поммершайм.

Кешен ұжымына жазушы Кристофер Кардозоның «Ұлы жауынгерлер» атты кі­та­бын сыйға тартты.

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button