Главная » Тұлға (страница 5)

Тұлға

Диктор

   Қарағандының Левитаны мен Байжанбаевы атанған, телерадио хабарларын жүргізудің хас шебері, «КСРО телерадиосының үздігі» Ескендір Тишмағанбетов 1937 жыл Қарағанды қаласындағы атақты кеншінің шаңырағында дүниеге келген. Ол – Жамбыл атындағы №7 мектеп-интернатының түлегі. 33 жыл Қарағанды облыстық телевидениесі мен радиосында диктор болып қызмет атқарды. Жаны жайсаң ағамыз 8 бала өсіріп, өнегелі отбасының отағасы болды. Ескеңмен көп жылдар бойы тонның ішкі бауындай ...

Читать далее »

Жаңа оқу жылына – жаңарған мектеп

   Білім күнінде облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ №23 жалпы білім беру мектебінде болып,  педагогтар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Бірінші сынып табалдырығын аттаған балдырғандардың қадамына сәттілік тілеп, ұстаздарға алғыс білдірді. №23-ші мектеп – наурыз айында аймақ басшысы арнайы ат басын бұрған білім ошағы. Ол кезде білім нысанының жағдайы мәз емес-тін. Сыныптардағы еден, жаттығу залы, асханасының жағдайы сын көтермейтін. Оған қоса, өткен ...

Читать далее »

Жарқын мереке – лайықты құрмет

    Еңбектері ел экономикасының тұрақты дамуына кепіл болған кеншілер мерекесі жетпіс жылдан бері тойланып келеді. Тамыз айының соңында келетін бұл мерекеде жанын шүберекке түйген шахтерлердің жанкешті еңбегіне лайықты марапат көрсетілетіні мәлім. Биылғы жылы да айтулы мереке қарсаңында Кеншілердің мәдениет сарайында қарағандылық кеншілерге ерекше құрмет көрсетіліп, еңбектегі жетістіктері үшін облыс әкімінің Мақтау грамоталарына, Алғыс хаттарға және салалық марапаттарға ие болды.  Бұл ...

Читать далее »

Тасшоқының тастарымыз

Әріге бармай-ақ қояйын, Қарағанды облысында Отан Мақышев есімді ортопед-хирургті білмейтін ересек адам жоқ десем, артық айтқандық емес. Сонау 1970 жылдардан бері қарай жарты ғасырдан аса уақыт ішінде әуелі травмотология ауруханасы, кейінде профессор Хафиз Мақажанов есімімен бүкіл елге мәшһүр болған емдеу орталығының иесі де киесі де болған тамаша мамандардың шоғырында менің Отан Мақышұлы есімді әрі туысым, әрі құрдас-досымның аты құрметпен аталады. ...

Читать далее »

«Қоғам тәртібі назарда»

    Еліміз жыл санап қарыштап, өркен жайып дамып келе жатқаны қалың жұртқа белгілі. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде, 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тату-тәтті өмір кешуде. Осы бейбіт өміріміздегі тыныштықты сақтап жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысы қаншалықты ауыр болса, соған тиісті еңбекақы алып, мемлекет тарапынан ...

Читать далее »

ҚАРАҒАНДЫДА ІЗІ ҚАЛҒАН

Қарағандылық кеншілер өздерінің кәсіби меркесі – Шахтерлер күнін алғаш рет 1948 жылдың 28 тамызы күні атап өткен екен. Мереке қарсаңында көмір өндіру көлемін ұлғайтқаны, шахталарды қалпына келтіргені және жаңадан салғаны, еңбек өнімділігін елеулі дәрежеде арттырғаны үшін Қарағандының он кеншісі – Т.Күзембаев, Ж.Әбдірахманов, М.Айтқұлов, М.Акулов, А.Воронков, Б.Нұрмағамбетов, Д.Обухов, В.Шибаев, С.Шоманов, Г.Хайруллин Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ұзақ жыл бойы мүлтіксіз еңбек ...

Читать далее »

Озық туған Оразай

  Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Мәңгілік Ел» қайраткерлері» кездесулер циклінің аясында партия және мемлекет қайраткері, ҚР Президенті Архивінің қор құрушысы Оразай Батырбековтің 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Шара аясында ҚР Президенті Архивінде сақталған О.Батырбековтің жеке қорынан, оның өмірі мен қызметін айқындайтын өмірбаяндық құжаттар, еңбектер, хаттар, фотосуреттер, басқа да материалдардан тұратын тарихи-құжаттық көрменің ашылуында ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары Қ.Әлімғазинов ...

Читать далее »

Алаштың абызы

Ақселеу Сейдімбек жайлы ой-толғау атақты ғалым-жазушылар мен жаңадан қалыптасып келе жатқан «Ақселеутанудың» алдында тұрған, тұратын өте күрделі, зор жауапкершілікті талап ететін «Мәңгілік тақырып» қой. Өйткені, қазақ деп аталатын ұлтқа ғана тән көне тарихи жәдігерліктер, рухани-мәдени байлықтар, кәсіптік, күнкөрістік-тұрмыстық заттар, сенім-нанымдар, т.б. толып жатқан ескірмес мұралар мен түрлі құндылықтарды түгендеу оның пешенесіне жазылыпты. Ол ел аралаған кездерде көпшілікті жатсынбай, жатырқамай кез ...

Читать далее »

Ақылбайдың әні

    Белгілі қаламгер Марал Хасеновтің дүниеден озғанына да жыл толып қалыпты. «Орталық Қазақстан» газетінің тарихында өзіндік орны бар тұлғаның артында мол мұра қалды. Оған бүгінде ағамыздың асыл жары Рымбала апай бас ие болып отыр. Соның жемісіндей, Мәкеңнің өзі бастап, бірақ аяқтай алмай кеткен «Ескенеден шыққан елге танымал Ана», сондай-ақ, «Телегей теңіз Марал едің…» атты кітаптары жарық көрді. Алғашқы жинақ Марал ...

Читать далее »

Қажымас қайрат иесі еді…

   Осыдан бір ғасыр бұрын 1970-1984 жылдар аралығында ҚазақСРО Министрлер Кеңесін басқарған көрнекті мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Байкен ӘШІМОВ өмірге келген еді. Кейіпкеріміз тоқсан жасына орай жарыққа шығарған «Ел сенімі – ең қымбаттың» атты естелік-кітабында «Мен 1917 жылдың тамыз айында мал баққан жартылай көшпелі қазақ ауылында орташа ғана ауқаты бар Жақып баласы Әшім деген кісінің ...

Читать далее »