Главная » Тұлға (страница 4)

Тұлға

Мамандығы –мақтанышы

    Мұғалім атану оның бала кезінен-ақ көкірегіне ұялаған арманы еді. Бұл мамандықты осынша сүйіп, армандауыма өзім оқып жүрген кездегі ұстаздарым ықпал етті. Олардың сөйлеген сөздері, жүріс-тұрысы, бойын ұқыпты ұстауы бәрі-бәрі мені ерекше қызықтыратын. Ол ұстаз Оңтүстік Қазақстан облысы, Ащысай руднигінде дүниеге келген, Қызылжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Дариға Сәрсенова. Дариғаның анасы – Фатима ерте қайтыс ...

Читать далее »

Даланың үні

    Арқа даласының еркесі Аққыз АХМЕТҚЫЗЫ жастайынан домбыра ұстап, ән айтып, күй шертіп өскен. Бұл өнерді үлгі еткен Арқа қазағы күйшінің әрбір күйін нақышына келтіріп орындауымен ерекшеленіп жүр. Өз жанынан бірнеше күй шығарған Аққыз өнерін дәріптеуші бүгінгі ұрпақтары Қарағандыдағы «Теміржолшылар» мәдениет сарайында күйлерінен шашу шашты. Биыл Аққыз (Мүгілсім) Ахметқызының туғанына – 120 жыл. Осыны ескерген облыстық «Күй-керуен» шертпе күй орталығы ...

Читать далее »

Жоқ іздеген жолаушы

        Айнала бозымықтанып, түн түндігі түріле бастаған. Шығыс көкжиек алғашқыда қызғылтым тартып, іле шілде айының шақар күні жер бетіне алғашқы сәулесін сығалатқан. Тұсамыспен жүрген қарагер алысқа ұзай қоймапты. Иесінің қозғалғанын сезіп, басын әнтек көтерген сыралғы дос, әлі сарғыш тарта қоймаған көдені ернімен сүйкеп, бір шалып өтті. Жолаушы орнынан көтеріліп көз жетпейтін кеңістікке ұзақ-ұзақ қараған. Бел-белестер! Ұшы қиыры жоқ Арқа ...

Читать далее »

Облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, профессор, «Ғасыр адамы» Темірғали КӨКЕТАЙТЕГІ: «Ақселеу – менің рухани ұстазым»

     Абыз даланың қобыз кеуделі перзенті Ақселеу   СЕЙДІМБЕКТІҢ туғанына – 75 жыл. Ұлы Даланың тарихын тәптіштеп, салт-дәстүрі мен шерлі шежіресін тасқа таңбалауда тарпаңдық танытқан тарлан тұлғаның тағдыры уақыттан озды. Мәңгілікке сапарлады. Алаш жұртының кірпігіне мұң іліп, жүрегіне шер ұялатқан Ақселеу қазасына да 8 жыл толыпты. «Атқан оқтай, шапқан аттай» жүйткіген қайран уақыт! Ақаң тұлғасы бізден алыстаған сайын,  биіктеп барады. Сарыарқасы ...

Читать далее »

ЕКІНШІ АСАНҚАЙҒЫ

Әкей жамбасы қара жерге тигенше намазын қаза қылған жоқ. Дұға батасын айтқанда міндетті түрде: – Асанқайғы бабамыздың қайғысынан сақтасын, – деп отыратын. ♦ ♦ ♦ Ақадырдан қоңырау шалды. Өмір Кәріп ағамыз. Ақаңның емшектесі. Ол кісі бостекі қоңырау шалмайды. – Ақаңа барып қайт. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатыр ғой. Ел сөзін жеткіз, – деп телефон құлағын қоя салды. Бұл 2004-тің қарашасы еді. ...

Читать далее »

Тіл мен жырдың тұғыры

    Қарағандыдағы №92 мектеп-гимназияда Тілдер күні мерекесіне орай, «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста 1-7 сынып аралығындағы талапкер оқушылар өнер жарыстырды. ҚР оқу ісінің үздігі, мәнерлеп оқу үйірмесінің жетекшісі Күліш Төлеуханқызының ұйымдастырумен өткізілген сайыстың ашылу салтанатында гимназия директоры Қолаңшаш Сейтімбетова оқушыларға сәттілік тіледі. Қазылар алқасы құрамына ақын, облыстық жастар саясаты басқармасының бас маманы Қайрат ...

Читать далее »

МҰРАТТАС, МҰҢДАС ДОС ЕДІК

Ақселеу екeуміз әрі жерлес, әрі құрдас, әрі әріптес-журналист ретінде ғана емес, біздің әуелден жан сала кіріскен екінші кәсібіміз, ақысыз-пұлсыз арқалаған бейнетіміз – Қазақ тарихының  мәселелері болғандықтан, қан жақындығынан гөрі де, рухани туыстығымыз қымбат болатын. Біз, әділін айтқанда, қазақ тәуелсіздігін аңсаған аздардың  қатарынан болатынбыз. Кезінде «ұлтшыл» деп қара таңба  басатынын, басқандығын, кезегіңді  шегеріп, өрісіңді тарылтатынын білсек те, түкпірдегі бір құпия күш, ...

Читать далее »

Ұстазы – өмір

«…Кеудесін кернеп зілді бір уайым, Теңселген Сарыарқада сырлы қайың, Даланың мұңлы аспаны, мөлдір көлі Құшақтап құба жонда тұр Абайың. …Шайқалған толқындай боп жел өтінде, Өткен күн өтеді алдан тербетіле. Сол күннің суретшісі Мұхтар аға, Көз тіккен бүгін әлем келбетіне…» Сырбай Мәуленов.   Биыл заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына – 120 жыл. Ол 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей уезі Шыңғыс болысының ...

Читать далее »

Ақселеу мен Ақжігіт немесе бір әулеттің қасіреті

…Жыл өтті. Шерменде қылып жүректі. Амалың қане?! Бермесе – Алла тілекті. …Ақаңның (Ақселеу Сейдімбектің) артында қалған бауырлары ақ тілеулі еді ғой, әйтпесе. Қазақ өнерінің көгінде қос жұлдыз жарқырады десек, бірі – Қайрат Кемалов, екіншісі – Жақсыкелді Кемалов еді ғой. Осы әулетке Ақаңды алғаннан кейін көпке дейін Алланың жай ойнатып, найзағай түсіретін жөні жоқ еді… Жақан ағам жұмысқа келіп кеткен. «Бауырыңның ...

Читать далее »

Өмір өткелдері

Тәуелсіздіктің таңы атты деп бөркімізді аспанға атып, қуанғанымызбен жас мемлекеттің қалыптасу кезеңі оңай болмады. Осының алдында өмірдің  барлық салаларын қамтыған тоқырау  кезеңі  терең экономикалық дағдарысқа   ұласты. Халық шаруашылығының барлық саласы  күйзеліске ұшырады. Әсіресе ауыл шаруашылығы құлдырады. Партияның  тегеурінді күші арқасында  әкіреңдеген  кешегі ел билеген азаматтар абдырап қалды. Басқаруды ескірген  әкімшілік-әміршілік жолмен емес, нарықтың заңдарына сәйкес жаңаша  жүргізу қажет болды. Міне, ...

Читать далее »