Главная » Тұлға (страница 20)

Тұлға

Кең пейілді кемімес

   Қолы ашық кәсіпкер Гүлжан СЕЙДІҒАЗЫМҚЫЗЫН Арқа жұрты жақсы біледі. Бір басына бірнеше өнерді жиған нәзік жанның биылғы қайырымдылық шаралары – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналуда. – Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисінде «Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі және адал сауда» екені айтылған. Кәсіпті бастағалы алты жыл қатарынан Қарағандыдағы қайырым күткен, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп келеміз. Бұл ...

Читать далее »

АҚТАҢГЕР

    Бұрын қазақты жылқы мінез деуші еді, қазір, ай, қайдам?!. «Жылқы мінез» деген білетін үлкендердің түсіндіруіне қарағанда, жылқы қажыр-қайраты бар адамға бағынады, өзін жақсы көрген адамды мойындайды, міне, осындай сипат «жылқы мінез» деп аталады. Қазіргі қазақтың жылқы мінез болмайтынының бірнеше себебі бар: оның еті мен қымызын ішкеннен басқа байланысы жоқ; тірі жылқы көрмеген қазақ қаншама; көрмегесін, байланысы болмағасын, ол жарықтықты ...

Читать далее »

«Асығып тез аттанған…»

      Сәкен десе, көз алдымызға қазақтың, рухы сынбаған нағыз қазақтың тұлғасы келеді. Тән сұлулығы мен жан сұлулығы рухани тазалығымен үйлескен, биік парасаты, өр мінезі, асқақ рухы, еркін ойы, ерік-жігерімен, ұлтына деген өшпес махаббатымен қазақтықтың эталоны боп қалыптасып қалған санамызда. Бүгінгі біздің бойында жарты қасық қана қазақтың қаны бар қандастар түсінігінде де солай, шамасы. «Сәкендегі тектіліктің ұшығы қайда, Сәкен ...

Читать далее »

Жақсының – жағасы, елдің – ағасы,

     Қабиден ЕГИШЕВТІҢ есімі берісі – Қарағанды аймағында, әрісі – ел аумағында жақсы мәлім. Сүйегі – асыл, парасаты – биік азамат көзі тірісінде соңынан ерген ағайынға ғана емес, маңайын қаумалаған жұртқа да пана бола білген жан. Иә, тумысынан мінезге бай Қабекең жанға жасаған жақсылығының арқасында құрмет-қошеметтен де кенде болмапты. Марқұмнан көрген шарапаты жайлы таңнан-таңға ұрып сүйсіне әңгімелейтін көнекөздер жетерлік. «Бір ...

Читать далее »

Өнегелі өмір сырлары

    Адам – күрделі құбылыс. Әр адамның тағдыры өзінше әлем. Олар бір-біріне ұқсамайды, бір-бірін қайталамайды. Сондықтан шығар, «адам жанының инженері» дейтін әйгілі жазушының бірі, «Егер ұқсатып жаза білсе, әрбір адамның тағдыры – бір-бір кітап» депті. Дәл осылай екеніне таяуда ғана Алматыдағы «Тоғанай Т» баспасынан жарық көрген Рымкеш Бөлекешованың «Өмірім менің – өздерің» атты ғұмырбаяндық хикаят кітабы нақты дәлел бола алады. ...

Читать далее »

Металлургтер әулеті

   «Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан, біз әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.    Балқаш қаласының бой көтеруі, дамуы металлургия саласымен тығыз байланысты. Бұл қаладағылардың осы зауытпен тағдырын тоғыстырмағандары кем де кем шығар. Тіпті, зауыт жұмыскерлері әрбір отбасынан табылады. Алайда, әулетімен ...

Читать далее »

Шеберлікте шек жоқ

«Орталық Қазақстан» «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ қарасты Қарағандыдағы «Қазмарганец» кен басқармасында токарь болып жұмыс жасайтын Құрал АСАУОВ түрлі құрал-жабдықтарды, спорттық жаттығу құрылғыларын өзі жасай береді. Кәсіпорында жұмыс жасаған 8 жыл аралығында шебердің қолынан 30-ға жуық құрылғы шыққан. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен техникалық қауіпсіздікті арттыруға, қол күшін жеңілдетуге арналған құралдар, жаттығу құрылғылары бар. Өзі жұмыс жасайтын Көлік колоннасының спорт залын ...

Читать далее »

Муза-Ақмарал ұшып кетті аспанға…

“Сен аттанып бақиға – бақ ғаламға, Жер бетінде мұңайып қап барам ба? Тайбурылдай келуші ем топтан озып, Қыз-Құртқадай дүбірге баптағанда! Аманжол ӘЛТАЙ. – Ақмарал десе, Ақмарал екен! – Ақ дидары қандай, шіркін-ай?! – Қазақшасы қандай десеңші! – Анасында да, әкесінде де арман жоқ қой мына арудың! – Апырм-ай, қай елдің қызы екен?!.. Бұл – 1990 жылы Қарағандыда алғаш рет өткен ...

Читать далее »

ҮЗЕҢГІДЕ КЕТКЕН АЯҒЫ

Ол кісі жөнінде байқап жазу керектігін аңғардым. Өйткені, ол кісі жөнінде көркем суреттеме жазам деп сол кездегі қаламы көкке шапшып тұрған, қазіргі Бас редакторым Мағауия Сланбекұлы жұмыстан шығып қала жаздапты… ♦ ♦ ♦ Әңгіме мынада. Мағауия Сланбек­ұлының ҚазМУ—ды жаңа бітіріп, 1976 жылы газетке «литсотрудник» болып орналасқан беті екен. Ондай «литсотрудниктер» тақырып талғамайды, әдетте. Совет құрылысы бөлімінің сол кездегі меңгерушісі Тоқан ...

Читать далее »

Кеше- дәрігер, бүгін-кәсіпкер

Бибхажар Ермағанбетова кәсібін жезқазғандықтарға ұлттық үлгідегі киімдер мен көрпе-жастықтар ұсынудан бастады. Сапасы жоғары, ою-өрнегі бөлек, айшықты киімдер халық сұранысына бірден ие болды. Тігін салонының еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін тұтынатын өнімдерін басқа қалалардан тапсырыспен алдыртушылар көбейді. Жезқазған қаласындағы ұлттық мерекелер, салтанатты шаралар «Медина» салоны тігіншілерінің қолынан шыққан бұйымдарсыз өтпейтін болды. Қалада өз тұтынушыларын қалыптастырған салон басшылығы кәсіп аясын кеңейту ...

Читать далее »