Главная » Тұлға (страница 2)

Тұлға

Алаш ардақтысы

«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деуші еді дана қазақ. Құмай жылы құт болып енген Қарағандыдағы қадірлі қара шаңырақтың бірі һәм бірегейі – Бикеновтер әулеті. Ақпанда Арқа жұртына сүйіншілеп, әулеттің отанасы Әнияш БИКЕНОВАНЫҢ 70 жасқа толғанын жар салсақ, енді, міне, араға ай салып, Алаштың ардақтысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, отағасы Жарылқасын БИКЕНОВ 75 жасқа жеткен жайы бар. Ол аз десеңіз, ...

Читать далее »

Мәуелі бәйтерек

«Отбасының берекесі – әйел» деп, дана халқымыз қалай тауып айтқан! Әсіресе, қазақ әйелінің арасында инабатымен, ибалылығымен, шыдамдылығымен, кешірімділігімен өз отбасының ғана емес, бүтін бір әулеттің айрандай ұйыған ұйытқысы болған әзиз, мейірман жандар аз емес. Сондай қарапайым жандардың бірі – бұл күнде мәуелі бәйтеректей жайқалып, алтын әже аталып отырған, менің туған әпкемдей болған Күлшара Іңкәбек келіні КЕРІМОВА. Ол – өмірге үш ...

Читать далее »

Қажыбай қажы

Адамның бойындағы өз сенім-нанымына деген рух қайнарының түпсіз терең құпиясы ашылып болған емес. Болмас та. Кешегі кеңестік солақай саясаттың дін мен ділден, тіл мен тіннен айырған шағы да олай ете алмады. Жүрегіндегі ең ыстық сезім – Ұлы Жаратушының бар екеніне сенуден, танудан тайынбау қаншалықты қиын соққанмен, сағы сынбаған жандар болмай қалмаған. Алла Тағала алдында ой дүниесі тазалығын аялап, ғұмырын шариғат ...

Читать далее »

Жоқшы

«Ғылымда ақиқаттан артық авторитет болмауы керек. Біз әрқайсымыз Кеплерге, Галилейге, Декартқа ескерткіш орнатып, оның түбіне: «Платон – досым, Аристотель – досым, бірақ ең жақын досым – ақиқат» деп жазып қойсақ, кейінгіге жақсы өнеге болар еді». Ньютон. Әлемдегі физик атаулының ұстазы саналатын ұлы ғалым Ньютонның осы бір нақылынан мен қарағандылық профессор, «Ғасыр адамы» Темірғали Көкетайдың тағдырын танығандаймын. Өйткені, ол ақиқатты бәрінен ...

Читать далее »

«Көкетаев мектебі» – көптің игілігі»

Бекболат НҮСІПБЕКОВ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультетінің деканы, профессор: «Көкетаев мектебі» – көптің игілігі» Ірі ғалым, «Ғасыр адамы» Темірғали ӘБІЛДАҰЛЫНЫҢ есімі Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен етене жақын. Өнегелі өмірі осы қарашаңырақпен біте қайнасқан. Осыған орай, ҚарМУ-дың физика-техникалық факультеті деканы, профессор Бекболат НҮСІПБЕКОВПЕН аз-кем сұхбаттасқан едік. – Бекболат Рақышұлы, әңгімені Темірғали ағамен таныстығыңыздан бастасаңыз… – Темірғали Әбілдаұлын танығаныма ...

Читать далее »

Қайраткер. Ғалым. Ел ағасы

Темірғали Әбілдаұлы КӨКЕТАЙМЕН мен Қарағанды университетіне бір мезгілде келдім, міне, оған 46 жыл болыпты. Темкең жаңадан ашылған Қарағанды университетіне келгенде – ғылым кандидаты, доцент. КазПИ-де кафедра меңгерушісі болып қызмет істеп те үлгерген, тіс қаққан, тәжірибелі маман. Темкеңді Ебіней ағамыз жақсы қарсы алып, бірден мамандығына сәйкес, қатты денелер физикасы кафедрасын ашып, кафедра меңгерушісі етіп тағайындады. Мені ҚазССР жоғары және орта арнаулы ...

Читать далее »

Осы жұрт Хамзекеңді біле ме екен

       Биылғы 25 ақпанда Сәкен Сейфуллин, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов сынды Алаш арыстары бастаған 39 адамның саяси қуғын-сүргіннің сойылына ілігіп, атылып кеткеніне де 80 жыл толмақ. Қылышынан қан тамған атақты отыз жетінің ойраны! Осы күннің ертеңінде Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанинмен бірге опат болған тағы 37 аяулы жанның қатарында жас қайраткер һәм қарымды қаламгер Хамза Жүсіпбеков те бар еді. ...

Читать далее »

Жан сарайы – рухани қазына

Кешегі ұстаз, бүгін қария! Бұл – менің көрген, көңіліммен түсінген, боямасыз шынайы ұстаз бейнесі. Өткен ғасырдың елуінші жылдары, біздің Калинин колхозында Жұмаш мұғалімнің беделі мықты болатын. Екі сөйлемейтін, өтірік айтпайтын, талапшыл мұғалімнен аздап сескенетінбіз. Өзі тарихшы болса да, мектептегі сан алуан жұмыстар сол кісінің қатысуымен шешілетін, әсіресе, математикадан емтихан тапсырарда конвертпен келген есептерді әуелі мұғалімдер өздері шешіп, сосын барып оқушыларға ...

Читать далее »

«Кеңестік шындықтың» қайсар қарсыласы

Рахатынан қайғысы мен қасіреті мол болған эмиграциялық өмірде Мұстафа Шоқайдың  нағыз дара тұлғаға тән бар саяси қызметі мен публицистикалық қуатының мазмұны берісі Түркістандағы, арысы КСРО аймағындағы саяси ахуал, бұрынғы патшалық, кейінгі пролетарлық Ресейдің езгісіндегі отар елдердің «кеңестік шындығы» болды. Ол өзінің бар күш-жігерін, қабілетін жұмсай отырып, батыста Түркістандағы отаршыл саясат туралы әділ, объективті көзқарас қалыптастыруға орасан зор еңбек сіңірді. Тоталитарлық ...

Читать далее »

Парасат биігінде

    Ұлттың ұлы мейрамы – Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұра ауданының Жараспай ауылында «Жараспай» серіктестігінің шаруашылығын шалқытып, ел игілігін еселеп отырған білікті басшы Сейілхан ҚОҢЫРБАЕВ Елбасы Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды. Сейілхан Оспанбайұлының – мамандығы агроном. Жер ананың баптаушысы, ауыл шаруашылық саласының майталманы. Осы салада табан аудармастан жарты ғасырға жуық еңбек етіп келеді. Өрісін өрге сүйреп келе жатқан «Жараспай» серіктестігі – бүгінде ...

Читать далее »