Главная » Тұлға (страница 10)

Тұлға

«Жергілікті полиция қызметінің құрылуы – дұрыс шешім»

Жалғасбай ЖАҚАЕВ, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі: Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Жергілікті полиция қызметі құрылды. 2016 жылдың 1 қаңтарында. Құрылымның қалыптасу кезеңі мен қазіргі ахуалы қандай? Сондай-ақ, облыстағы қылмыстық жағдай нешік? Мәселенің мәнісін Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Жалғасбай ЖАҚАЕВТАН сұрап білген ...

Читать далее »

Зақаңның айтқандары

     Белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, қазір Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде, одан соң ҚарМУ-да кафедра меңгерушісі болып көп жыл қызмет атқарды. Сол кездерде Зақаңның ел арасында тараған әңгімелері көп. Соның бірнешеуін назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Не деп ойлар екен?» Бір жылы Қарағандыға гастрольдік сапармен келген “Отырар сазы” оркестрі Кеншілердің мәдениет сарайында шахтерлерге арнап ...

Читать далее »

Заңғар замандасымыз

        Қарағанды топырағында жаралып, қызметін қатардағы журналистен бастап, заңғар биіктерге қол жеткізген үш ғалым-қаламгерді ерекше атап өтер едім, олар жетпісінші жылдардағы редакторымыз, «редакторлардың редакторы» Рамазан Сағымбеков, филология ғылымдарының докторы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков және бүгінде 75 жасқа толып отырған ірі ғалым, hәм публицист Зарқын Тайшыбай ағамыз. Үшеуі де қаламының ұшымен, талабының күшімен бар саналы ғұмырын туған халқының тарихын шұқшия зерттеуге арнаған ...

Читать далее »

Желдей ескен жерлесіміз

Жуырда Алматыда «Бірінші болу – батылдық!» VІ марафоны өтті. Халықаралық шараға желаяқ жерлесіміз Төлеутай ЖАМАНБЕК те қатысып қайтты. Төлеутай ағамыз жарысқа барып қайтқан соң үнемі редакциямызға соғады. Қуанышты сәттерімен, алған әсерімен бөліседі. – Бұл жолғы жарыс ерекше өтті. Облыстан бірнеше спортшы Алатау бөктеріне барып, өнер көрсетті. Олардың қатарында Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары мен Осакаров ауданының кәсіби және әуесқой спортшылары ...

Читать далее »

«Ән – ұлттың болмысы»

     Дана халқымыздың мерейін тасытып, мәртебесін биік ететін асыл мұрасы, рухани жәдігері ән қазынасы әуелден дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Сол ұлттық өнерімізді замана сүзгісінен өткізіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне нақышын бұзбай жеткізуші талантты әншілеріміз қаншама. Бұл біздің табиғатпен үндестік тапқан бір ғаламат ел екендігімізді дәлелдей түседі. Тал бесік пен жер бесіктің аралығында ән мен әуенге құштар болған елдің болмысы ән десек ...

Читать далее »

Ағам жайлы естелік

    Қазақтың нар тұлғалы алып азаматтарының басым бөлігі көбіне ауылдан шығады. Қазақы тәрбиенің кереметін осыдан-ақ аңғаруға болады. Соның бірі менің әкемнің інісі – Сейтбек РАҚЫМЖАНОВ. 1942 жылы соғысқа аттанып 2-ші Украиндық майданда болып, соғыстың соңына дейін елін, жерін жаудан қорғаған. Украина, Румыния, Чехословакия және Венгрия қалаларын азат етуге қатысқан. 400 артиллерия полкінің аға мал дәрігері, №1007 133 атқыштар дивизиясының дивизиондық ...

Читать далее »

Өмір жолы – өнеге

  Ұлы Отан соғысында жанын аямай Отанын қорғауға қатысып, Ұлы Жеңісті жақындатқандар қатарында болған, бейбіт өмірде елу жылдай абыройлы еңбек етіп, бар ғұмырын ерен еңбекке арнаған ардагерлердің бірі, Шет ауданының Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері – Серік Тұрсынбеков еді. Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы басталғанда көптеген ауылдастары тәрізді әскерге алынып, туған жерді қорғауға аттанды. Әуелі Курск маңындағы ...

Читать далее »

ЖЕҢІМПАЗ

     Кешегі тарихын ұмытпаған елдің болашағы жарқын болады. Ал, жас ұрпақ санасынан бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Кейінгі ұрпақ дәріптеуге тиіс ардагердің бірі – Дүйсенбай САҒЫНБЕКҰЛЫ. 1918 жылы Шет ауданына қарасты Айғыржал елді мекенінде дүниеге келген Дүйсенбай Өтегенов – алғаш білім нәрін елге мәшһүр білімпаз Күмісбек молдадан алды. Ескіше араб тілі нұсқасында хат таниды. Күмісбек молда болса ...

Читать далее »

Қарт майдангер – Қантекең

        Биыл Ұлы Отан соғысының ардагері Қантай ЖҮСІПБЕКҰЛЫ тірі болса, 100-ге толар еді. Қантекең 1916 жылы Байғұл өңірінде дүниеге келіпті. Өз тұстастары секілді ол кісі де балалық шағында басынан қиын-қыстау күндерді өткерді. Небары 2 жасында анасынан айрылып, туысқандарының қолында өсті. 15 жасында әкесі дүниеден озды. Сөйтіп, бұғанасы бекіп, буыны қатпай, еңбекке ерте араласты. 1936 жылы Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының Алматыдағы ...

Читать далее »

Төлеу десе Ақадыр есіме түседі

1980 жыл еді. Ақадыр аудандық газеттеріне тілші болып енді ғана кіргем. Бір күні қызыл шырайлы ел ағасы кіріп келді. Бірден: – Керней боласың ба? – деп тарпа бас салсын.. Содан көсілсін-ай келіп. Бабаларымның өзі білетін игі жақсыларын сыдырта санамалап шықты. Ішім жылып қоя берсін. – Бабаларыңның бір жақсысы Кеншоқыда. Ел Ақтайбек басы дейді. Менің он жасымда сол мазар тұрған. Осыдан ...

Читать далее »